Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет73/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

жедел кезеңдік нәруыз 
деп атайды. Маннанбайланстырушы лектин TNF-

, ИЛ-1 және ИЛ-6 
цитокиндері беретін белгі бойынша бауырда өндіріледі.
Екіншілік құрылысы және қызметтері бойынша MCL С1q 
суббірлігіне ұқсас. Микробты жасушамен байланысқан кейін MCL 
протеазаны белсендіретін қабілетке ие болады, яғни С4 және С2 
компоненттерінің 
активтенуі 
мен 
ыдырауын 
шақырады, 
оның 
салдарынан комплемент жүйесінің активтену серпілістерінің келесі 
кезеңдері іске қосылады. Лектинді жолдың одан кейінгі кезеңдері 
толығымен комплементтің классикалық жолмен активтенуіне сәйкес 
келеді. 
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар 
Компонент фрагменттері мен кейбір бос компоненттер, сонымен 
қатар 
бактериялардың, 
вирустардың, 
саңырауқұлақтардың 
және 
жасушалардың бетінде фиксацияланған фрагменттер көптеген жасуша 
бетіндегі 
комплементке 
арналған 
мембранды 
рецепторлармен
байланысады. 
Жасушалармен 
рецепцияға 
комплементтің 
табиғи 
компоненттері емес олардың әртүрлі функционалды қасиеттері бар 
ыдыраған фрагменттері қатысады.
Комплемент компоненттерінің фрагменттеріне арналған рецепторлар 
екі түрлі тұқымдастыққа жатады: комплементтің активтенуін реттегіштер 
тұқымдастығы (RCA – regulators of complement activation) және β2-
интегриндер тұқымдастығы. 
CR1 (CD35). 
Молекулалық салмағы 160-250 кД. Бұл рецептор С3b, 
С4b, iС3b фрагментерін байланыстырады және жасушаларда кеңінен 


72 
тараған. 
Олар: 
макрофагтар 
мен 
нейтрофилдер, 
В-лимфоциттер, 
фолликулярлы дендритті жасушалары және эритроциттер. Жұқпалардан 
кейін қанда ерігіш иммундық кешендердің біраз мөлшері жинақталып 
қалады. Олардың қан айналымында болуы тамырлардың қабырғасы үшін 
қауіпті. Сондықтан комплементтің белсенді компоненттері - С4b мен C3b 
ерігіш иммундық кешендермен ковалентті байланысады
және оларды CR1 
арқылы эритроциттерге қосады, ал олар өз кезегінде иммундық 
кешендерді бауыр мен көкбауырдағы макрофагтарға алып келеді. 
Макрофаг эритроцитті зақымдамай, оның бетіндегі иммундық кешенді 
«шешіп» алады. Осылайша қанның иммундық кешендерден тазаруы 
қамтамасыз етіледі.
С3b мен С4b фрагменттерінің CR1 байланысуы нәтижесінде 
нейтрофилдермен 
және 
моноциттермен 
иммундық 
кешендердің 
фагоцитозға
ұшырауы ынталанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет