Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-ші сурет. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен



Pdf көрінісі
бет72/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

11-ші сурет. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен 
активтенуі
кезіндегі бактериялардың лизисі
(B, D, P – пропердин жүйесінің нәруздары) 
Сонымен, комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі 
классикалық жолға ұқсас. Бірақ 
альтернативті жолдың қуаттылығы, әрі 
өнімділігі классикалық жолға қарағанда біршама төмен. 
Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі ағзаға енген 
микроорганизмдерден жедел қорғануды жүзеге асырады 
(антидене түзілу 
үрдісінен де бұрын).
Сондықтан 
комплементтің альтернативті жолмен 
активтенуі - микробтардан арнайы емес қорғанудың ерекше маңызды 
механизмі.
С3 компонентінің жетіспеушілігі және комплемент жүйесінің 
альтернативті жолмен активтенуіндегі басқа да бұзылыстар кейбір 
бактериалды жұқпаларға (пневмококкты, гонококкты) сезімталдықтың 
жоғарылуына және аталған аурулардың ауыр ағымда өтуіне себепші 
болады. 
Протеолитикалық 
ферменттердің 
әсерінен, 
мысалы, 
тіндік 
протеазалардың әсерінен С3 компонентінің спонтанды ыдырауы байқалуы 
мүмкін. Нәтижесінде альтернативті жолмен активтену басталады және 
зақымдалған тіндерде деструкция ошақтары пайда бола бастайды. Мұндай 
С3 
 
C5-9 
бактериалды 
жасуша 
лизисі 
анафилатоксин белсенділігі
фагоциттер хемотаксисі
С3a 
бактериалды 
қабырға (ПС, ЛПС) 
С5а 
С5b67 



C5 
C6, C7, C8, C9 
C3b 
C3bB 
C3bBP 
C5b 


71 
жағдай, көбіне, жарақаттар мен созылмалы қабыну үрдістері кезінде 
дамиды. 
Комплемент жүйесінің лектинді жолмен активтенуі 
Комплемент жүйесін антиденелердің қатысуынсыз кейбір липидтер 
мен көмірсулар шақыра алады. Мысалы, манноза. Комплемент 
жүйесінің 
лектинді 
жолмен 
активтенуі 
маннанбайланыстырушы 
лектиннің (MCL - mannose-binding lectin) микробты жасушаның беткей 
құрылымдық көмірсуларымен, соның ішінде, манноза қалдықтарымен 
байланысуынан басталады.
MCL – коллектиндер тұқымдастығына жатады, олар коллаген тәріздес 
аймақтан және лектинді доменнен тұрады. Бұл нәруыз манноза қалдықтарын 
көптеген микробты жасуша бетінде байланыстырады. MCL моноциттердың 
фагоцитозы үшін микробты жасушаларды опсонизацияға ұшыратады. 
Моноциттердің жетілген макрофагтардан айырмашылығы - манноза үшін 
меншікті рецептордың болмауы. 
MCL жаңа туған нәрестелердің қан сарысуында болады және оның деңгейі 
өмірінің алғашқы апталарында ересек адамдардың деңгейіне жетеді. Қан 
сарысуындаға MCL деңгейі шамамен 1500 мкг/мл. Аталған нәруыздың мөлшері 
қабыну үрдістері кезінде жоғарылайды, сондықтан оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет