79
Киллинг және қорыту.
Жұтылған фагоцитоз объектісінің келесі
тағдыры лизосома мен фагосоманың қосылу механизміне тәуелді. Ол
литикалық ферменттердің фагосомаға арнайы бөлінуімен қамтамасыз
етіледі, бірақ жасушаның цитоқаңқасы зақымдалмайды. Көптеген
микроорганизмдер жұтылғаннан кейін 30-60 минуттан кейін
макрофагтардың микробицидтік механимзмі
әсерінен жойылады. Ол
механизмді
оттегіне тәуелді
және
оттегіне тәуелсіз
деп екіге бөледі.
Оттегіне тәуелді бактерицидттік механизм
микробтарға қарсы
қуатты агент болып келетін сутегі асқын тотығы және оның ыдырау
өнімдерінің бөлінуі жолы арқылы жүзеге асады. Фагоцитоз кезінде
шеткері қандағы моноциттерде «метаболикалық жарылыс» байқалады, ол
оттегін тұтынудың жоғарылауымен және сутегі асқын тотығы мен
супероксиданионның бөлінуінің күшеюімен сипатталады. Сутегі асқын
тотығы
мен
олардың
ыдырауының
аралық
өнімдерінің
(супероксиданиондар, синглетті оттегі және гидроксилді аниондар)
бактерицидтік әсері аминқышқылдар мен пептидтердің декарбоксилді
тотығуы арқылы жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: