Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Микроорганизмдерді жұтудың негізгі жолы –  фагоцитоз



Pdf көрінісі
бет80/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
Микроорганизмдерді жұтудың негізгі жолы – 
фагоцитоз. 
Фагоцитоз кезінде макрофаг жалған аяқтарын шығару арқылы 
фагоцитоз объектісін қоршайды. Жасуша мембранасының мұндай белсенді 
қозғалыстары цитоқаңқаның қайта құрылуына байланысты және бұл үрдіс 
энергияны қажет етеді. Жасуша мембранасы фагоцитоз объектісін 
толығымен қоршайды, сосын оның бүтіндігі қалпына келеді. Ал жұтылған 
объекті айналасында вакуоль – фагосома түзіледі. Фагоцитоз үрдісі 
жасуша метаболизмінің айқын өзгерістерімен өтеді: оттегін тұтыну және 
сүт қышқылының өнімі жоғарылайды, глюкозаның метаболизмі күшейеді, 
әсіресе гексозомонофосфатты шунт белсенеді, мембрана липидтерінің 
өнімі күшейеді және фагосомаларда цАМФ концентрациясы жоғарылайды. 


79 
Киллинг және қорыту. 
Жұтылған фагоцитоз объектісінің келесі 
тағдыры лизосома мен фагосоманың қосылу механизміне тәуелді. Ол 
литикалық ферменттердің фагосомаға арнайы бөлінуімен қамтамасыз 
етіледі, бірақ жасушаның цитоқаңқасы зақымдалмайды. Көптеген 
микроорганизмдер жұтылғаннан кейін 30-60 минуттан кейін 
макрофагтардың микробицидтік механимзмі
әсерінен жойылады. Ол 
механизмді 
оттегіне тәуелді
және 
оттегіне тәуелсіз
деп екіге бөледі. 
Оттегіне тәуелді бактерицидттік механизм 
микробтарға қарсы 
қуатты агент болып келетін сутегі асқын тотығы және оның ыдырау 
өнімдерінің бөлінуі жолы арқылы жүзеге асады. Фагоцитоз кезінде 
шеткері қандағы моноциттерде «метаболикалық жарылыс» байқалады, ол 
оттегін тұтынудың жоғарылауымен және сутегі асқын тотығы мен 
супероксиданионның бөлінуінің күшеюімен сипатталады. Сутегі асқын 
тотығы 
мен 
олардың 
ыдырауының 
аралық 
өнімдерінің 
(супероксиданиондар, синглетті оттегі және гидроксилді аниондар) 
бактерицидтік әсері аминқышқылдар мен пептидтердің декарбоксилді 
тотығуы арқылы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет