Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет79/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

иммундық 
кешендер 
мен 
апоптозға
ұшыраған жасушалар 
шығады. 
Антигендердің фагоцитозы олардың 
жасушаішілік өңделуінің
алғашқы 
кезеңі болып табылады. 
 
 
Хемотаксис. 
Моноциттердің 
эндотелиалды 
жасушаларға 
адгезиясынан кейін және диапедез жолы мен трансэндотелиалды миграция 
арқылы эндотелиалды тосқауылдан өткеннен кейін, олар зақымдалған тін 
мен 
жұқпа 
ошағына 
қарай 
жылжи 
бастайды. 
Бұл 
жағдайға 
хемоаттрактанттың концентрация градиенті әсер етеді.
Хемоаттрактант қызметін микроорганизмдердің компоненттері мен 
өнімдері, деструкцияға ұшыраған тіндердің өнімдері, комплементтің С3а 
мен С5а фрагменттері, С5b67 кешені немесе хемокиндер молекулалары 
атқара алады. Мұндай градиент болмаған жағдайда жасушалардың 
қозғалысы ретсіз сипатта болады және оны 
«спонтанды миграция» 
деп 
атайды. 
Хемоаттрактант 
молекуласы 
мен 
моноцит/макрофаг 
мембранасындағы 
сәйкес 
рецепторлар 
байланысуы 
нәтижесінде 
хемотаксис басталады, содан кейін активтену белгісі трансдукцияға 
ұшырау салдарынан жасушаның цитоқаңқасына кіретін актин нәруызын 
өзгереді. Жасушаның пішіні күрт өзгереді және оның жалған аяқтары 
созылыңқы биполярлы түрге жақындау болады. Олардың құрамында 
жасушаның қозғалысын қамтамасыз ететін актиннің микрофиламенттері 
және басқа да нәруыздар кездеседі.
Жасушасыртылық материалды жұтудың принципиалды түрде үш жолы 
бар: фагоцитоз, пиноцитоз және эндоцитоз (рецептор көмегімен жұту). 

фагоцитоз
– бөгде антигендердің бөлшектерін немесе жасушаларды 
жалған аяқтардың көмегімен жұту; 

пиноцитоз
– цитоқаңқаға тәуелді эндоцитоздың сұйық фазалық түрі; 

рецепторлық эндоцитоз
– манноза рецепторы (MMR) көмегімен 
антигендерді жұту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет