Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-ші сурет. Макрофагтардың негізгі дифференцировка кезеңдері



Pdf көрінісі
бет77/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

12-ші сурет. Макрофагтардың негізгі дифференцировка кезеңдері 
(В.Г. Галактионов бойынша, Москва, 1986) 
Қанда моноциттер қабырғалық және айналымдық деп бөлінеді. 
Олардың ара-қатынасы ауысып отыруы мүмкін. Айналымдағы моноциттер 
қан 
ағымында 
болғандықтан, 
қанды 
зерттеу 
мақсатында 
алған 
жағдайларда, олар зерттеу үлгілеріне түседі, ал қабырғалық моноциттер 
тамырлардың эндотелиіне берік жабысқан және олар тамырлардан 
тіндерге 
қарай 
трансэндотелиалды 
миграцияға 
дайын 
тұрады. 
Моноциттердің қаннан тіндерге қарай жылжуы, моноциттер мен 
эндотелиалды жасушаларда арнайы адгезия молекулаларының болуымен 
түсіндіріледі. Қан тамырынан шыққан моноцит кері қарай айналымға 
қайтып келу қабілеті жоқ, сондай-ақ тіндерге қарай миграция үрдісі үнемі 
жүреді және ол қабыну кезінде күшейеді, әрі бағытталған сипат алады.
Сәйкес тіндік ортаға түскен моноциттер мүшелік және тіндік 
макрофагтарға дифференцацияланады. Мәселен, альвеолярлы, плевралды, 
бауырдаң 
купфер 
жасушалары, 
дәнекер 
тінінің 
гистиоциттері, 
остеокластттар, микроглия, лимфа тінінің макрофагтары, қабыну және 
некроз ошақтарының макрофагтары. 
Тіндік макрофагтар ұзақ өмір сүретін жасушаларға жатады. 
Олардың өмір сүру уақыты айлар мен жылдарға созылады. Егер жұқпа 
немесе қабыну ошақтарында мобилизациясы болмаса, олар көкбауырға 
немесе лимфа түйіндеріне барып жойылады. Альвеолярлы макрофагтар 
өкпенден мұрын жолдары арқылы шығады.
Макрофагтардың көпшілігі дәнекер тінінде, шырышты қабаттармен 
ассоциацияланған лимфа түйініндері мен лимфоидты тіндерде, сонымен 
қатар мұрын жолдарының шырыштарында да (өкпенің интерстициалды 
макрофагтары) кездеседі.
Альвеолярлық макрофагтар - өкпенің иммундық гомеостазын ұстап 
тұратын ең маңызды жасушалардың бірі болып есептеледі. Ерекше 
субпопуляцияны қасиеттері бойынша перитонеалды макрофагтарға жақын 
плевралды макрофагтар құрайды. 


77 
Бауырдағы мононуклерлы фагоциттердің өкілі – жұлдызшалы Купфер 
жасушаларының құрамында эндогенді пероксидаза және фагоцитоз бен 
пиноцитоз қызметтерін жүзеге асыра алатын біріншілік лизосомды 
ферменттер бар. 
Орталық жүйке жүйесінде мононуклеарлы фагоциттердің негізгі 
қызметтерін (антигендерді таныстыру, фагоцитоз, цитокиндерді өндіру, 
цитотоксикалық әсер және т.б.) микроглия жасушалары мен астроциттер 
атқарады. 
Шеткері қан моноциттері тек тіндік макрофагтарға ғана емс, 
сондай-ақ белгілі факторлардың қатысуымен дендритті жасушаларға 
(ДЖ) да дифференцациялана алады.
Тәжірибелерде мұндай факторлар 
қызметін ГМ-КСФ пен ИЛ-4 атқаратыны дәлелденген.
Макрофагтардың жетілуі, дифференцировкасы және белсенуі өсу 
факторларына (ИЛ-3, ГМ-КСФ, М-КСФ) және цитокиндерге (IFN-γ)
тәуелді.
IFN-γ ең маңызды қызметінің бірі - макрофагтардың эффекторлық 
қызметін 
белсендіру. 
Яғни, 
макрофагтардың 
жасушаішілік 
микробицидтік және цитотоксикалық әсерлерін күшейтеді, олармен 
цитокиндердің, супероксидтік және нитроксидтік радикалдардың, 
проcтагландиндердің өнімін жоғарылатады. IFN-γ әсерінен І және ІІ 
кластағы МНС антигендерінің экспрессиясы жоғарылайды, осыған 
байланысты антигендердің таныстырылу эффективтілігі және олардың Т-
лимфоциттермен танылуы жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет