Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет88/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
Дендритті жасушалар 


88 
Қазіргі кезде 
дендритті жасушалар
макрофагтар сияқты бетінде 
CD34 антигені бар 
ізашар миелоидты жасушалардан түзілетіні
белгілі 
болды. Ал альтернативті даму жолын цитокиндер анықтайды. 
М-КСФ болған кезде, бірақ ісікті некроздаушы фактор-α (TNF-α) мен 
ГМ-КСФ болмаған жағдайда миелопоэздің ізашарлары макрофагтар 
бағытында дифференцияланады. 
Осы жасушалар ИЛ-4, ГМ-КСФ және TNF-α әсерінен дендритті 
жасушаларға дифференцияланады. 
Қан моноциттері де ИЛ-4 пен ГМ-КСФ әсерінен дендритті жасушаға 
дифференциялана 
алады. 
Ал 
IFN-γ 
моноциттерден 
дендритті 
жасушалардың түзілуін тежейді.
Адамда ДЖ ас-қорыту жолының, тыныс жолдарының, жыныс 
жолының шырышты қабаттарында, сонымен қатар шеткері қанда және 
барлық лимфоидты мүшелерде, тимуста кездеседі 
Ізашар жасушалардан түзілу үрдісі кезінде МФ мен ДЖ өзара 
әрекеттесетіні анықталған. ДК мен МФ атқаратын қызметтері ортақ. Олар: 
антигендерді ұстау, өңдеу және оларды таныстыру. Осы жасушалар өзара 
жасушааралық кооперацияға түспейді деп айту өте қиын.
Дендритті жасушалардың макрофатардан айырмашылығы оларда
фагоцитоз механизмі
жоқ. Сонымен қатар антигенді жасушаішілік 
деградацияға ұшырататын лизосомды ферменттердің жиынтығы да 
макрофагтарда кеңірек. Ал 
дендритті жасушаларда біріншілік иммундық 
жауап 
кезінде 
«аңқау» 
Т-лимфоциттерді 
белсендіруге 
қажетті 
костимулдаушы аппарат
бар. ДЖ мен МФ өзара әрекеттесуі цитокиндер 
арқылы да жүреді. Мысалы, МФ өндіретін ИЛ-1 мен TNF-α цитокиндері 
сәйкес рецепторлар арқылы ДЖ әсер етеді. 
Дендритті жасушалар айқын және тұрақты (индуцибелді емес) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет