Арай
көшесі
– «Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше. Күн нұрының шұғыласы,
сәулесі мағынасындағы абстракты ұғым.
Алпамыс батыр көшесі -
Зашаған
кентіндегі
жаңа көше атауы.
Алпамыс батыр - түріктермен соғыста ерекше ерлік көрсеткен қолбасы. Ол шамамен
б.з.б. 110-50 жылдары өмір сүрген қолбасшы, батыр болған. Тайчу (Тайшық хан) ғұн
мемлекетін біржола жою мақсатында көшпелілер еліне бірнеше дүркін әскер аттандырады.
Осы әскерге қарсы бірнеше аптаға созылған жойқын шайқаста Алпамыс шүршіт әскерлерін
ойсырата жеңеді. Кейіннен тағы бір жойқын соғыстардың бірінде Алпамыс батыр жау қолына
түсуі жыр-дастанға айналып, біздің дәуірімізге жеткен. Міне, бұл деректер Алпамыстың,
Тайшық ханның өмірде болғанын дәлелдейді.
Алпамыстың елі - Жиделі -Байсын деп аталыпты. Ол - бүгінгі Өзбекстанның Сурхандария
- Қашқадария аймағы. Алпамыс батырдың екінші жорығы "қалмақ елінде" өтеді. Мұнда ол
тұтқынға түсіп, бірнеше жыл зынданда жатады. Алпамыс Кейқуат-ешкішінің, қалмақ ханының
қызы Қаракөзайымның және мінген аты - Байшұбардың көмегімен зынданнан шығып, қалмақ
еліне ойран салады, содан жаңа мемлекет орнатып, оның басшысы етіп кешегі ешкі баққан
Кейқуатты қояды. 6 ғасырлар арасы ретінде алып, қалыптасқан нүктесі - Отырар-Қазығұрт
аймағы деп алсақ, жырға 1500 жыл толған болады.
Ақан сері көшесі
- Зашаған
кентіндегі
жаңа көше атауы.
Ақан Сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы 1843ж. бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен маңында
дүниеге келіп, 1913 ж қайтыс болған. Ақын, әнші, копозитор. Жас кезінен өнерімен көзге түсіп,
кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң, алты алашқа аты мәлім Сері атанған. 16-17
жасында өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне,
теңіздегі кемеге теңейді. Оны “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” - деп бағалайды. Өзінің
бүкіл өмірінде Ақан халыққа өте жақын болған. Ақан Серінің тірідей айырылған сүйген қызы –
Ақтоқты. Бұл –аты аңызға айналған оқиға.
Достарыңызбен бөлісу: |