ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


А.М. Скоробогатов көшесі -



Pdf көрінісі
бет320/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

А.М. Скоробогатов көшесі - 
(бұрынғы К. Либкнехт көшесі)
 
Анатолий Маркович Скоробогатов қазіргі Тасқала ауданы Чижа-1 аулында 1906 жылы 
дүниеге келген. Соғысты Москва қаласында қарсы алған. Соғысқа өзі сұранып аттанып, 1941 
жылы ноябрьде фронтқа аттанады. Пулеметші Скоробогатов немістердің 30 солдаты мен 
офицерлерінің көзін жойған.
1945 жылы 24 мартта қайтыс болып, Выбор қаласында жерленеді. Ленин орденімен және 
Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Сарайшық көшесі - 
(бұрынғы Нариманов көшесі)
Сарайшық қаласы – 
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының алғашқы астанасы.
 
Ол 
- Алтын Орда дәуіріндегі үшінші астана. Орта ғасырлық қаланың атауы. Алтын Орда 
дәуіріндегі маңызды діни, саяси-экономикалық орталық болған. Ноғай Ордасы мен Қазақ 
хандығының бас қаласы. ХІV-ХVІ ғасырлардағы саяси-экономикасы дамыған, имандылық 
орталығы.
 
Сондықтан оны өткеніміздің өркені, тарихтың көзі деп қарағанымыз дұрыс. 1340 
жылғы белгілі саяхатшы Мауро түсірген картада оның көлемі 2000х600 метр болып белгіленсе, 
қазірде оның аумағы бар-жоғы үш бұрышты 140х140х65 метр-ақ болып қалған. Оның өзі 
ежелгі қала табанының күнгей бетіндегі ескі қорымдар мен өндірістік шеберханалар орны ғана. 
Әйтсе де аталған орынның мән-мағынасын біліп, қағазға түсіріп қалу мақсатында жыл 
сайын ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Соңғы 15 жылда республикалық Ә.Марғұлан атындағы 
археологиялық институттың ғалымдары біраз игі қадамдар жасады. Қазба жұмыстарының 
негізінде үлкенді-кішілі ғылыми-зерттеу еңбектер жарық көрді. Құрамында тарихи мемориал, 
мұражай және мешіті бар «Хан Ордалы Сарайшық» кешені пайдалануға берілді. Оларға 
туристік қыдырыстар ұйымдастырылуда. 
Қазірде жергілікті қолөнер шебері З.Орынбасарованың ұйымдастыруымен қала орнынан 
табылған жәдігерлер негізінде қыш бұйымдар, кәде-сыйлар әзірленуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет