ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет321/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Сәкен Сейфуллин көшесі.
Сәкен Сейфуллин 1884 жылы 15 қазанда Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр 
ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы, 
мемлекет қайраткері. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, 
Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. 1914 жылы Қазан қаласында "Өткен күндер" 
атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырады. Омбыда қазақ жастары ашқан "Бірлік" қауымы 
басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда "Асығып тез аттандық" өлеңін жазды. 
Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, "Жас қазақ" революциялық ұйымын құрды, "Тіршілік" 
газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болады. 1917 жылы қарашада "Кел, жігіттер" 
өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум 
мүшелігіне сайланды. 1918 жылы "Жас қазақ марсельезасын" жазады, "Бақыт жолына" атты 
пьесасының премьерасы көрсетіледі. 1918 жылғы 4 маусымда Атардың көтерілісі болып, 
Ақмола Совдепінде тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен 
арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік 
бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитеті 


225 
Президиумының мүшесі, "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы, Хaлық ағарту комиссарының 
орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты 
жанындағы 
ғылым 
Орталығының 
төрағасы, 
Қазақстан 
пролетар 
жазушылары 
ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы 
бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ 
педагогикалық институтының директоры, "Жыл құсы" альманағы, "Жаңа әдебиет" 
журналының басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, "Әдебиет майданы" 
журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры 
қызметтерін атқарған. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған "Асау тұлпар" өлеңдер 
жинағы, "Бақыт жолына", "Қызыл сұңқарлар" атты пьесалары жарық көреді. "Домбыра" (1924), 
"Экспресс" (1926), "Тұрмыс толқынында" (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан 
төңкерісінің жеңісі жырланды. С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер 
болады. "Көкшетау" (1934), "Қызыл ат" (1934), дастандарында заманалық мәселелер 
көрсетілген. "Қызыл атта" 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында 
орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. "Ақсақ киік" (1924), "Аққудың айрылуы" (1925) 
шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. 
С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін "Тар жол, тайғак, кешу" атгы 
тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласында "Қазақтың ескі әдебиет 
нұсқаулары" (1931), "Батырлар" (1933), "Ақан сері-Ақтоқты", "Ләйлі-Мәжнүннің" қазақша 
аудармасы жарық көреді. "Қазақ әдебиеті" (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу 
еңбектерінің бірі. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. 
Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды. 1936 
жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысады. Қазақ 
жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық 
еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленеді. 1938 жылы жолсыз жазаға ұшырайды. Ол туралы 
С.Мұқановтың "Сәкен Сейфуллин" пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың "Кездеспей кеткен бір бейне" 
повесі, жазылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет