Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет30/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 
1.
Ішкі жиынтық бағалауды өткізуге қойылатын талаптар. 
2. Ішкі жиынтық бағалауды жүргізудің әдістемесі қандай? 
7-Дәріс. 
Қалыптастырушы 
және 
ішкі 
жиынтық 
бағалаудың 
модерациясы 
 
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Қалыптастырушы бағалаудың модерациясы. 
2.
 
Ішкі жиынтық бағалаудың модерациясы. 
 
Қалыптастырушы бағалауды бірыңғай түсіну мақсатында мұғалімдер 
модерация өткізу үшін үнемі жиналып отырулары керек.
Керек жағдайда әр оқу мақсатының модерация үдерісін қолдау үшін нақты 
пәнді бағалау бойынша дәлелдемелерді әдістемелік ұсыныстар береді.
Модерация – әр мұғаліммен бағалау өткізу бойынша бірыңғай 
стандартты қамтамасыз ету үдерісі. Ол мұғаліммен бағаланған жұмыс 
үлгілері немесе іріктелген мысалдар арқылы өткізіледі. Мысалы, мұғалім бір 
оқу мақсаты бойынша оқушылардың 3 жұмыс үлгілерін: оқу мақсатына 
жеткен екі оқушының жұмысын және «талпынады» нәтижесін алған оқушы 
жұмысын іріктеп алуына болады. Содан кейін бұл жұмыс үлгілері басқа 
мұғалімдердің үлгілерімен бірыңғай стандарттың болуын шешу үшін 
салыстырылады. Қалыптастырушы бағалаудың модерациясы бірыңғай 
жетістік критерийлердің қолданғанының және барлық оқушылар әділетті де 
нақты бағаланғанының кепілі. Модерацияны оқушының портфолиосын 
пайдаланып та өткізуге болады.
Қалыптастырушы бағалаудың модерациясы бірнеше элементтерден 
тұрады:

Стандарттау

Ішкі модерация – мектеп ішінде
Стандарттау:
Стандарттаудың мақсаты - оқушының жетістігі туралы 
шешім қабылданғанға дейінгі бағалау және стандарттау үдерісінде жалпы 
түсініктің бірдей болуын қамтамасыз ету. Стандарттау әр тоқсан басында 
қалыптастырушы бағалау өткенге дейін өткізілуі керек. Аға мұғаліммен және 
әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен мұғалім оқушының оқу мақсатына 
жетуін немесе оған жетуге талпынатынын көрсететін оқушылар үшін 
тапсырма материалдарының үлгілерін қарайды. Материал үлгілерін талқылау 
мұғалімге жетістік критерийлерін қалай қолдануға және пікірлердің әр түрлі 
болған жағдайында сұрақтарға жауап беру үшін негіз болады немесе оны 
шешуге мүмкіндік береді.
Ішкі модерация:
әр тоқсанда қалыпастырушы бағалау өтердің алдында 
ішкі модерация өткізу үшін мектеп ішінде пәндік топтарға жиналады. Ішкі 


41 
модерация өткізу кезінде мұғалімдер бірлесіп, өздерінің кәсіптік пікірлерін 
салыстырады және келіседі. Бұл үдеріс мектеп ішінде мұғалімдермен 
анықталған оқу мақсаттарын бірыңғай бағалауды қамтамасыз ететін 
талқылауға әкелуі қажет.
Қалыптастырушы бағалауды қолдануда біркелкілік кепілін қамтамасыз 
етуде, әр оқу мақсаты бойынша дәлел ретінде кемінде екі мұғалімнің қарауы 
керек және алдыңғы бағалауда болған түрлі пікірлер анықталып, жазылуы 
және дайындалуы қажет. Кез келген шешілмеген әр түрлі пікірлер 
әдістемелік бірлестіктің басшысымен тоқсан басында стандарттау үдерісінде 
қаралған материалдар үлгісі басшылыққа алынып шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет