Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет70/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Әдістемелік нұсқау: 
Лексикалық және грамматикалық формалардың дұрыс 
қолданылуына ерекше назар аудара отырып, жеке оқушылардың тапсырманы 
жетістік критерийлеріне сай орындай алды ма, жоқ па соны анықтау 
мақсатында өз жазбаларында белгілеп отыруы тиіс.
Тапсырманы орындау мерзімі және студент білімін бағалау: 
-апта, 
жоғарғы ұпай- 3 
7- тақырып: 
Лингвистикалық талдау және оны критериалды бағалау 
Мақсаты: 
Лингвистикалық талдау және оны критериалды бағалаудың 
жолдарын қарастыру. 
Қарастырылатын сұрақтар: 1.
Лингвистикалық талдау және оны 
критериалды бағалау. 
2. Лингвистикалық талдауда тапсырманың анықтығы мен айқындылығы. 
3.Лингвистикалық талдауда өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. 
Тапсырма: 
Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, 
жоспар құрыңыз.
Қонаққа бару мәдениеті. 
Қонақжайлылық - қазақ халқының бет-бейнесін ашар 
ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-
біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан 
алаламай ас-дәм беру - қонақжайлылықтың белгісі.
«Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда 
мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып 
баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. 
Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару -мәдениеттіліктің 
белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа 
қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі 
мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. 
Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен 
кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.
Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі 
бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй 
иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн.
(142 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет