Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет80/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы 
барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. 
Мұғалімдерге 
көмек 
ретінде 
қалыптастырушы 
бағалаудың 
тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау 
критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген. 
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін 
жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа 
мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше 
дайындауға мүмкіндік беріледі. 
Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
танысу, оқу мақсаттарына талдау 
жасау;
негізінде бағалау 
критерийлерін құрастыру;
«дифференциялау» тәсілін 
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін «екі/қосымша» ойлау 
дағдыларын деңгейлеріне бөлу;
әйкес тапсырмалар құрастыру;
сипаттайтын дискрипторлар 
құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере 
отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады Әр тапсырмаға 
дискрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу 
үшін тапсырмалардың дискрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа 
дискрипторлар білім алушыға тапсырманы орындауын қай кезеңінде 
қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен 
олардың ата-аналарына сындарлы «конструктивті» кері байланыс беруге 
жағдай жасайды.
«Қазақ тілі» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру
бойынша 
дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:
бағалауды қолдану 
тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;
қолдануы;
астырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын 
құруы;
әжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының 
сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері 
байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б) сабаққа талдау жүргізу 
қажет.


87 
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін 
өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: 
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау 
парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш 
минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
Қалыптастырушы 
бағалаудың 
әдістерін 
оқу 
әрекеттерін 
ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, 
білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет