Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет86/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

11.Сабақтың мақсаты. 
Сабақ басталар алдында белгілі мақсат қоя 
отырып, 
сабаққа 
аса 
мән 
беріңіз. 
Мақсат 
сыныппен 
бірлесе 
атқаратындарыңызды көрсетуі тиіс. Сабақ барысында осы мақсаттарға 
сілтеме жасауға және/немесе ол туралы бүкіл сынып орындайтын тапсырма 
кезінде еске түсіруге болады. Бүкіл сыныпқа арналған тапсырма кезінде 
оқушыларға мақсаттарға қол жеткізілгені туралы дәлелдеу және/немесе 
келесі сабақ үшін мақсат белгілеу қажет болуы мүмкін.
12.Мұғалім шолуы. 
Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол 
жеткізу үшін сұрақтарды қолдана отырып, сабаққа немесе блокқа шолу 
жасайды.
Сонымен қатар сабақтың тиімділігіне және оқу үдерісіне көмектесуге назар 
аударуға болады – мысалы, оқушылар оқу үдерісін жақсарту үшін қандай 
өзгерістер енгізу қажет екенін анықтай ала ма?
Мұғалім өз идеяларына сәйкес сабақты бағалау арқылы шолуды моделдей 
алады. 


94 
13.Оқушылардың шолуы. 
Оқушылар өзінің топтағы немесе дербес 
оқуына шолу жасайды. Бұл бүкіл сыныпқа арналған тапсырма, шағын 
тапсырма нысанында немесе блокты алдағы уақытта қайталауды 
жоспарлауға көмек көрсетуге арналған жаттығу ретінде жасалуы мүмкін.
14.Бағдаршам. 
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін 
көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы: Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны 
олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, 
жасыл = барлығы түсінікті).·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана 
отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың 
күнделіктеріне жазуына болады.·Сыныптастары бағдаршам түстерінің 
көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
15.Өзін өзі бағалау мақсаты. 
Оқушылар өзін өзі бағалауға сүйене 
отырып, мақсат белгілейді. Мұндай оқу мақсаттарын тіркеуге және кейінірек 
оны қайта қарауға болады (м-лы, дәптер тысының артында). Оларды мұғалім 
белгілеген мақсаттармен салыстыруға болады және егер мақсаттар әр түрлі 
болатын болса, оларды ортақ мақсат етуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет