Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет89/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

29.Түсініктемелермен жұмыс
Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз - 
- сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.
- оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.


96 
-диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе 
мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.
30.Топтық кері байланыс. 
Сыныптастардың жұмысын бағалауға 
қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым 
түрде анықтауға көмектесе алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, 
бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға 
қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды 
азырақ бере алады). 
31.Сыныптастарды бағалау. 
Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес 
бір біріне жұмысы үшін баға қояды.
Бұл оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, бұл оқушыларға үздік 
жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік береді.
Аталған құрал жеке сабақтарда және жұмыс сызбаларында қолданылуы 
мүмкін. 
32.Бас бармақ. 
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз 
түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. 
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
33.Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру 
Сыныптастарды 
бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі 
бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын 
және анық қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы 
бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге 
болады.
34.Қайталау Бағдаршам 
Тақырыпты немесе пәнді қайталағанда
оқушылардан бағдаршамның тиісті түсін көрсету арқылы түсінгендіктерін 
көрсетуді сұрап, түрлі салалармен жұмыс істеуге болады. Соңынан оқушылар 
қайталауды байыппен пайдалана отырып, не істелгенін жай ғана қарап
немесе жазбаларды оқып қана қоймай, оған белсенді қатыса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет