97
38.Сөйлеу арқылы ойлану.
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп,
сол арқылы білім алуға көмектеседі.
Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды
ынталандырыңыз:
- талқылауға арналған жаттығу;
- құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;
- мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл
сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын
арттырады).
39.Сұрақты төңкеріңіз.
Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты
қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз.
Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық
ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.
40.X және Y
Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз,
мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт
қоректілердің үлгісі болып табылады? Осылай құрылған сауал фактілердің
қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: