Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет93/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

52.Графикалық органайзерлер. 
Оқушыларға өзін өзі бағалауда көмек 
көрсету үшін графикалық органайзерлерді қолданыңыз.
53.БББ. 
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан 
тұратын сурет салады. Олар нені біледі; 
Олар нені білгісі келеді;
Олар нені білді. 
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды 
толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда үшіншіге қайта оралады 
(немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін). 
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға 
болады. 
54.Әңгімелесетін әріптестер. 
Өткен сабаққа сілтеме жасауды 
көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде 
оқушылар әріптестерімен:

жаңа оқылған 3 факті туралы;

оларға жеңіл болып көрінгендер туралы 

оларға қиын болып көрінгендер туралы 

алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
55.Стикер. 
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар 
топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере 
алады:

мен нені үйрендім?

Маған не қиын болып көрінді?

Не күрделі болды?

Мен енді нені үйренгім келеді?
56. Жауап беретін әріптес. 
Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс 
істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына 
түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі 
үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар 
сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына 
сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға 
жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.
57. Қолыңды төмен ұста. 
Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ 
қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім 
жауап беретін оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді. 
www.classtools.net – «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, мұнда сізде 
есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте 
таңдауға мүмкіндік болады. Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына 
жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып 
шығарыңыз. Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы 
отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта 
қолданыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет