Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет91/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

41.Білетініңіздің барлығы. 
Оқушылар тарауды оқуға кірісудің 
басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім 
қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды 
тиісті жолмен жүргізеді.
42.Түзетулер. 
Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын 
түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы 
жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт 
бөліңіз).
43.Үлдірленген критерийлер. 
Бағалау үшін достық пиғылдағы 
критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз. 
44.Прогресс білдіру. 
Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы 
олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз. 

Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз; 

Оқу журналын пайдаланыңыз; 

Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы 
мақсаттарға сілтеме жасаңыз; 

Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы 
болсын; 

Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін 
байланыстырыңыз.
45.Сөздерді талқылау. 
Пікірталас кезінде түйінді сөздерді ерекше атап 
өтіп, оларды мұқият қарастырыңыз. Олардың қалай қолданылғанын 
талқылаңыз: Мағынаның екіұдайылығы бар ма? Бұл сөзді оқушылардың 
барлығы бірдей қолдана ма?
46.Қарым-қатынас. 
Оқушыларды өз ойларын тек хатта, суретте, 
көріністе, карталарда, мүсінде және т.б. ғана емес әр түрлі құралмен 


98 
жеткізуді сұраңыз. Құрал дегеніміз хабарлама, сондықтан ол қарым-қатынас 
жасау жолдарын білдіреді. Осыған ұқсас құралдарды қолдана отырып, 
мұғалім оқушының түсінгенін жан-жағынан көре алады.
47.Парасатты диалог. 
Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог 
парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған 
болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы 
тиіс.
(12-бет, Inside the Black Box, Paul Black & Dylan William, nferNelson, 1998) 
Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын 
айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) 
айтуды сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет