I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет141/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

6.9-мәтін 
Шығыс Қазақстан облысындағы бір-бірімен қолтықтасып жатқан Алтай, 
Тарбағатай, Шыңғыстау деген үш таудың тарихы сонау Шыңғыс хан 
жорықтарынан басталатыны белгілі. Тарбағатай тауының түпкі тарихына үңілсек, 
оның басынан өткен алмағайып замандардың Шыңғыс хан әулетімен байланысты 
екенін байқаймыз. Шыңғыс хан 1206 жылы Найман хандығын талқандап, қалың 
елді өз мекендерінен ығыстырып, Күшлік хан Ертіс даласына, Жетісу аумағына 
бас сауғалап кеткеннен кейін, 1207 жылы жаулап алған жерлерін балаларына 
үлестіріп берген. Сол кезде Шынғыс ханның екінші ұлы Үгедейдің ұлысына енген 
Зайсан көлі мен Тарбағатай және Жетісу аумағы болатын. 
Тарбағатай тауы Сарыарқаның бел-белесті аласалау шоқыларынан басталып, 
Қытай жеріндегі Сауыр-Сайқан тауларына дейін 300 шақырымға созылып жатыр. 
Жалпақтығы 50 шақырымнан астам. Тастаудың тұсындағы биіктігі - 2991 метр. Ең 
биік шыңы - Жалаулы. Таудың биік тұстарын мәңгі мұзарттар мекендеген. Тау 
өзендері осы мұзарттардан бастау алады. Тарбағатай тауы шығысқа қарай 
Сарышоқы, Маңырақ, Жақсы Арғанаты, Жаман Арғанаты болып бөлініп барып, 
Алтай Сауырымен шектеседі. Биік тау жазыққа қарай аласара береді де, Жон және 
Қаратау деген екі бөлек атаумен енші алысады. Жонның биіктігі 2000-2500 метр 
болады. Ал енді Қаратау деген атауына келетін болсақ, бұлар - аласа таулар. 
Биіктігі, шамамен, 800-1000 метр. Бұған Долаңқара, Қызылтас, Кішкенетау, 
Ақтүбек, Құсмұрын, Түйемойнақ, Ботамойнақ таулары жатады. Бұл таулар, 
негізінен, қыстаулық жерлер. 
Жалаулы шыңының шығыс жағына қарай орналасқан, шамамен, 1500- 2000 метр 
биіктікте тұрған көздің аясындай ғана екі көл - әлемдік ғайыптардың қатарына 
қосуға татитындай тосын, құпиялы құбылыс. Бұларды кейде Жасылкөл, кейде 
Қосжасыл деп те атайды. Суы жап-жасыл. Түбіне қарасаң, балдыр немесе басқадай 
су түбінде өсетін шөп түрлері көрінбейді. Тағы бір ғажабы - жағасы айнадай теп-
тегіс. Жалаулы басындағы алып мұздақтардан еріп аққан су осы екі көлге құяды. 
Бірақ осы су асып-төгіліп ешқайда ағып шықпайды. Судың қайда кетіп жатқаны да 
беймәлім. Осы Жасылкөл маңында Қараайрық, Қызылбастау деген жерлер бар. Бір 
ерекшелігі, суыр індерінен ылғи көмір шығып жатады. Бұрын сол көмірлерді жаз 
жайлауда отырған шопан-бақташылар қапқа жиып алып, отынға пайдаланған. 
Аршалы өзенінің бас жағындағы биіктен құлай ағып жатқан бұлақтың суын 
жергілікті тұрғындар емге пайдаланады. Оның суына аршаны араластырып 
қайнатып, сал, құяң, сарық сияқты дерттерге қарсы дәру ретінде қолданады. 
Тағы бір ғажайып қоныс - Елеке сазы. Мұның атауы Мұрын Елеке деген байдың 
есіміне байланысты қойылған. Елеке сазы - екі таудың ортасына орналасқан 
143


жазық. Саз десе - саз. Басқан аяғыңыздың асты былқ-былқ етіп, қалың түкті қалы 
кілемнің үстінде жүргендей рахаттанасыз. Бұл жерді «қой бүлдіргеннің мекені» 
деуге болады. Мұнда жаз бойы жайылған малдың тұяғынан қып-қызыл түс әсте 
арылмайды. «Ат тұяғын бояған» деген сөз осыдан қалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет