терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың
бірі «Алматы» деп аталды.
3. Қызғалдақ - пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған,
көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен
дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем.
Осы себепті де
Қазақстан - қызғалдақтың Отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай
қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі.
4. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті
өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде
кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының
етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы
осынау қарапайым әрі ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін
жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3
мыңнан астам түрі бар. Олардың басым көпшілігі - біздің дала қызғалдағының
«ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
Достарыңызбен бөлісу: