I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет145/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

8. Аптай ұлары кездеспейтін өңір 
A) 
Қаратау тау тізбектерінде 
B) Сауыр тау тізбектерінде 
C) Тарбағатай тау тізбектерінде 
D) Оңтүстік Алтай тау тізбектерінде 
E) Алатау тау тізбектерінде 
6.12-мәтін 
Үржар 
Үржар атауы қайдан шыққан? 
Үржар өзенінің төменгі ағысында Алакөлге құяр Сарбұлақ өзенінің жағасында 
әртүрлі ағаштар биік теректер, қайың, тораңғы өседі. Ағаштардың бұтақтары 
әртүрлі құстардың ұясына толы. Өзен жағасы салт атты көрінбейтіндей тік жарлы 
болып келеді. Жарқабаққа жағалай құстар ұя салған. «Үүр» сөзі монғолшадан 
аударғанда ұя дегенді білдіреді. Уақыт өте келе бір «ү» түсіп қалып, Үржар, яғни 
ұяға толы жар деген сөз қалған дейді. 
Алғашқы жоңғар шапқыншылығы Үржар өңірінің Тарбағатайынан басталып, 
шешуші шайқастар да осы маңайда өткен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жүз 
жылдан астам қазақтар жоңғарлармен көрші өмір сүрді. Екі елдің тілі, салт-дәстүрі 
де араласып кеткен. 
Шапырашты Қазыбектің 1776 жылғы жазбаларында жоңғарша сөйлемейтін 
қазақтың, қазақша сөйлемейтін жоңғардың болмағаны айтылады. 
1. Шешуші шайқастар өткен жер 
A) 
Үржар өңірінің Тарбағатайында 
B) Алатау бөктерінде 
C) Алакөл маңайында 
D) Сарбұлақ өзенінің жағасында 
147


E) Үржар өзенінің Қаратауында 
2. «Үржар» атауының шығуына себеп 
A) 
Сарбұлақта ағаштардың көптігі 
B) Қазақтардың жоңғарша сөйлеуі 
C) Өңірде құстардың көп болуы 
D) Жарқабаққа құстардың ұя салуы 
E) Жоңғарлардың қазақша сөйлеуі 
 
6.13-мәтін 
1. Үлкен адамдардың әңгімесіне ден қойып, құлақ түрсеңіз, «жол кеспесем», 
«амандық болса», «құдай қаласа» деген тіркестерді жиі естиміз. Жолдың 
мағыналық ауқымы біздің күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген ұғымнан 
әлдеқайда кең. 
2. «Атаның ақ жолы», «Есім салған ескі жол», «Қасым салған қасқа жол», «Жолы 
үлкен», «Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын!» деген сөздер қадым заманнан 
қалыптасқан ұлттық рухани мұрамыздың алтын тамыры іспетті. 
3. Сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, сараланып жеткен бай 
дәстүрлерінің бірі - ырым-тыйымдар. Жақсылық нышандарына жоралғы, 
жамандыққа тыйым ретінде айтылатын ырымдар - халқымыздың баладан бастап 
үлкенге дейін ұлағаттылыққа тәрбиелеудегі бай тәжірибесінен түйіндеген 
қағидасы. Әрбір ырым сөздің негізінде қоршаған ортаға, табиғатқа қажетті, 
адамгершілікке үйрететін қасиеттерді уағыздап, жаман іс-әрекеттерден 
безіндіретін түйіндер жатыр. 
Халқымызда сапарға шығу, жол туралы да көптеген ырым-тыйымдар бар. Қазақта 
сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды. Ал сәрсенбі жолға 
шығуға сәтті күн ретінде саналады. 
Жолға шыққан жолаушыдан «Қайда барасың?» деп сұрамайды. Қайта «Жол 
болсын!» деп, ақ жол тілейді. Елге аман-есен оралуына ниеттестік білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет