түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды.
Бейнелеу
әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ,
айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімдерді, тулардың сабын әшекейлеу үшін
пайдаланылды.
2. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен
құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
Б. з. б. VІІІ-VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында
тұрған қалпында жеке немесе
ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп
жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының
ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі.
Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып
әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып
әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.
3. Б. з. б. VІ-ІV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер
стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде
бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке
толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың
бедерлі
бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап
жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Қазақстан аумағынан
табылған басқа да археологиялык олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады.
Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінің оны Еуразияның аң стилі тараған басқа
аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар.
Мұнда қозғалмай тұрған
хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп
мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір кұрбандық
ыдыстары мен қазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.
Б. з. б. ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі
ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз
салып безендіру
техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп
аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда
жануарлар дүниесінің бейнелері сызбаға айналып,
полихромдық бай өрнекпен
араласып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: