I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


 Мәтінде кездесетін төл атауы бар мақал-мәтел



Pdf көрінісі
бет153/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Мәтінде кездесетін төл атауы бар мақал-мәтел 
A) 
Құлан семірген жеріне жынын шашады. 
B) Бөрі көмеді, түлкі ашады. 
C) Атанның жүгі тайлаққа, аттың жүгі тайға қалады. 
D) Есек қодығымен, шеңгел сабағымен. 
E) Құлан қырда, құндыз суда. 
2. Жолбарыс күшігінің атауы 
A) 
қозы, алан 
B) безек, қодық 
C) шөже, көгілдір 
D) шөнжік, сарымақ 
E) соқыр, мәулен 
3. Жетілгенмен еркін ойнақтай алмайтын түлкі күшігі 
A) 
інсін 
B) әзборақ 
C) безек 
D) жәутік 
E) шөнжік 
4. Күшігі бірнеше атауға ие болған аң 
A) 
борсық 
B) барыс 
C) сілеусін 
D) түлкі 
E) қасқыр 
5. Төл атаулары ортақ жануар 
A) 
арыстан, жолбарыс 
B) қасқыр, барыс 
C) арқар, есек 
D) түлкі, борсық 
E) марал, бұғы 
6. Түлкі күшігінің мыршық аталу себебі 
A) 
ін ішіне еніп мазақтауынан 
B) денесі пошымдалған кезде 
C) еркін ойнақтай алмағандықтан 
D) тұрқы қораш көрінгендіктен 
E) бұйығып жата бергендіктен 
 
6.20-мәтін 
Сақтардың бейнелеу өнері 
1. Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ішінде қолданбалы 
өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VІІ-VІ ғасырларда 
қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның 
тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды. 
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша 
бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп 
аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды және аңыздағы 
зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, 
155


түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу 
әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, 
айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімдерді, тулардың сабын әшекейлеу үшін 
пайдаланылды. 
2. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен 
құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. 
Б. з. б. VІІІ-VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе 
ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп 
жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының 
ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. 
Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып 
әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып 
әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған. 
3. Б. з. б. VІ-ІV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер 
стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде 
бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке 
толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың 
бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап 
жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Қазақстан аумағынан 
табылған басқа да археологиялык олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. 
Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінің оны Еуразияның аң стилі тараған басқа 
аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұнда қозғалмай тұрған 
хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп 
мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір кұрбандық 
ыдыстары мен қазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай. 
Б. з. б. ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі 
ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру 
техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп 
аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда 
жануарлар дүниесінің бейнелері сызбаға айналып, полихромдық бай өрнекпен 
араласып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет