I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Аристотельдің таңертеңгілік сабақтарында оқылатын пәндер



Pdf көрінісі
бет149/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Аристотельдің таңертеңгілік сабақтарында оқылатын пәндер 
A) 
шешендік өнері 
B) геометрия, логика 
151


C) логика, философия 
D) тарих, математика 
E) саясат, геометрия 
2. Мәтін мазмұнының ой реттілігі 
1. Ғалым геометрияда дедуктивтік логикалық әдісті қалыптастырды. 
2. Аристотель ғылымның барлық салалары бойынша ғылыми тұжырымдар 
жасады. 
3. Аристотель шәкірттеріне сабақты әңгіме түрінде жүргізеді екен. 
4. Қазіргі теорема, дәлелдеу дегендер Аристотельдің логикасы негізінде жасалған. 
A) 
2,3,1,4 
B) 1,4,2,3 
C) 3,2,1,4 
D) 2,4,1,3 
E) 4,2,3,1 
6.17-мәтін 
Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. 
Әлемдегі ең үлкен шөл - тоғыз мың шаршы шақырым аумақты қамтитын Сахара 
шөлі. «Сахара» сөзі «шөл» деген мағынаны береді. Шөлейтті аймақтың құмды, 
тасты, сазды, тұзды деген бірнеше түрі бар. Сахара құмды шөл далаға жатады. Бұл 
аймақтың жаз мезгіліндегі температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, сондықтан 
сағымданып тұрады. Керуеншілер ылғалды алқап жақын манда деп ойлап 
сағымның құрбанына айналып жатады. Ал қыста ауа температурасы 15-28 градус 
аралығын ұстап тұрады. Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар бойы 
жаңбыр тамшысы тамбаған жерлер де бар. Дегенмен Сахараның кей бөлігінде 
ылғалды алқап пен жер астындағы бұлақтан шығатын құдықтар бар. Сахарадағы 
жалғыз өзен Ніл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың 
басым бөлігін басып өтеді. 
Сахара шөлінде құрма ағаштары мен дәмі тіл үйіретін жүзім өседі екен. Құмды 
аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан 
салынған. Бұп қала - ғаламшардағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардың бірі. 
Ал Қазақстандағы құмды алқап - Қарақұм. Қарақұм Сасықкөл мен Балқаш көлінің 
арасында орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 350-450 метр биіктікте орналасқан. 
Қарақұмның басым бөлігі қырқалы, төбелі келеді. Қарақұм - қысқы мал 
жайылымы. 
Көптеген адамдар шөл далада тіршілік болмайды, шыжыған ыстық күн мен 
құмнан басқа түк жоқ деп ойлайды. 
Ал егер сол шөлге көктемде тап болсаңыз, өз көзіңізге өзіңіз сенбес едіңіз. 
Төңірекке әдемі жасыл кілем жауып тастағандай: неше түрлі шөп пен гүлдер, шоқ-
шоқ бұталар, олардың ішінде сайраған құстардың үні. 
Өкініштісі, мұнда көктемде ғана осылай болады. Бірнеше аптадан кейін жасыл 
кілем жоғалады. Неге дейсің ғой? Өйткені ылғал жетіспейді. Күннің ыстығы 
барлығын тез қуратып жібереді. Жел қуған шағыл құмдар сырғанап, сусып, шөл 
даламен көше бастайды. Кейде құмды дауыл соғады. Аптап жел көтерген құм 
дауылда не аспанның, не күннің көзі көрінбейді. 
Бірақ шөл далада тіршілік тоқтамайды. Құмды алқапта көптеген өсімдіктер, 
бұталар, тіпті ағаштар да кездесіп қалады. Соның бірі - сексеуіл. Сексеуілдің гүлі 
ұсақ, көктемде гүлдейді. Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуілдің «галаксилон» 
деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға 
төзімділігіне байланысты шыққан. 
Тағы бір ғажап өсімдік - қандым. Бұта тектес бұл өсімдіктің тұқымы үлпілдеген 
жұмсақ түйіршіктерінің ішінде болады. Түйіршік ішіндегі кішкентай дәндерін 
шашқаннан кейін, әр дәннен бір-бір бүршік бас жарады. Оны құм дауыл көміп 
152


тастаса да, кедергі бола алмайды. Шағыл құмның қалыңдығы қанша өссе де, 
қандым одан да тез өседі. Сөйтіп, қандым құмды жарып, өсіп шығады. 
Сонымен, шөл дала кейбіреулер ойлағандай тіршіліксіз құлазыған қу дала емес 
екеніне көз жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет