I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет157/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Мәтін бойынша әйелге тән сипат 
A) 
күшті 
B) өнерлі 
C) жанашыр 
D) бақытты 
E) ақылды 
2. «Кім біледі, мүмкін, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар» 
деген сөйлемдегі негізгі ой 
A) 
жақсы көру 
B) үміт арту 
C) ілтипат білдіру 
D) күмән тудыру 
E) таңдану 
6.23-мәтін 
Күрес өнері 
Күрес - жер шарын мекендеген барлық халықтар арасында кең тараған, екі 
адамның жекпе-жек бәсекесінде күш, әдіс-айла, қажыр-қайрат сыналатын дене 
тәрбиесінің бір түрі. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын арғы ата-бабаларымыз 
қарсыласын жеңу үшін белгілі бір күрес тәсілдерін пайдалана білген. Гректер 
күресті олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізген. Көптеген 
археологиялық ескерткіштерде, көне тастағы таңбаларда күрес өнері бейнеленген. 
Онда белдіктен ұстап немесе белдесіп күресу түрлерінің де тарихы өте көнеден 
бастау алатындығы байқалады. Балуандық өнер көне Грекия жерінде жақсы 
дамығандығы туралы деректер көп. Грекияда пайда болған олимпиадалық 
ойындардың негізгі түрі ретінде балуандар арасында сайыстар өткізілген. 
Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген Мая мәдениеті тарихында доп 
ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығаны белгілі. Осындай 
сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киімдер 
киген. 
Тарихи жазбаларға қарағанда Грекия жеріндегі олимпиадалық ойындар желісінде 
б.з.б. 776 жылдары көп сайыс түрлерінен жарыстар өткізілген. Оған алыс 
қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, диск лақтыру және күрес енгізілген. 
Біздің дәуірімізге дейін I ғасырда Грекияны Рим империясы жаулап алады да, осы 
кезеңнен бастап олимпиада ойындары өз күшінен айырыла бастайды. Көптеген 
ойын түрлері жоғалып, спортшылар кәсіпқой спорт түріне ауысады. Балуандар 
үшін күрес өнері өмір сүрудің бірден-бір табыс көзіне айналады. 
Олимпиадалық ойындардың жаңа дәуірдегі қайта өркендеуі Грекия жерінен 
басталады. Осында өткен бірінші олимпиадалық ойын бағдарламасына грек-рим 
күресі енгізілді. Академик, ғалым Әлкей Марғұлан «балуан» сөзін көне түркінің 
«блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон- Енисей жазуындағы «балбал» 
сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын 
беретіндігін көрсетеді. Шығыс халықтарының да көне Грекиядағы олимпиадалық 
ойындарға ұқсас өздерінің жарыстарын ұйымдастырып өткізгендіктері туралы 
деректер кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет