I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


 Берел қорымындағы сақ қорғандарының саны



Pdf көрінісі
бет159/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Берел қорымындағы сақ қорғандарының саны 
A) 
жиырмаға жақын 
B) он шақты 
C) жүзге жуық 
D) мыңнан астам 
E) жүзден аса 
2. Қорғаннан табылған алтын адам мен жылқылардың жақсы сақталуының 
себебі 
A) 
скиф-сібір аң стилінде жасалғандықтан 
B) жер бетінің бір қабаты ерімеген тоң болғандықтан 
C) сырты кұрым киізбен қапталғандықтан 
D) өзен-суға алыс орналасқандықтан 
E) ағаш бұйымдарынан жасалғандықтан 
3. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс ақпарат 
1. Табылған заттарды зерттеуде жаратылыстану ғылымының әдістері 
пайдаланылды. 
2. Қазірдің өзінде мыңнан аса қорған зерттеліп, элемге таныстырылды. 
3. Берел қорымындағы тоң басқан обалардан ерекше мэліметтер алынды. 
A) 
үшеуі де бұрыс 
B) бірінші, екінші 
C) бірінші, үшінші 
D) екінші, үшінші 
E) үшеуі де дұрыс 
4. Төртінші азатжолда берілген ақпарат 
A) 
Берел қорғаны Алтай өңірінен табылды. 
B) Берел қорғанындағы обалардың саны мыңнан асуы мүмкін. 
C) Сақ қорғандарының саны жүзден асады. 
D) Скиф-сібір аң стилінде жасалған заттар әлемге әйгілі болды. 
E) Үйілген оба тастары ауа мен су кіргізбей сақтады. 
7.1-мәтін 
Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні, сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа да 
заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз - ірі қараның жіліншік сіңірінен 
ширатылып алынған жіп. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен 
аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен 
ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші 
тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. 
Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қою тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс 
деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жуалдызға сабақтап 
тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де. 
161


Былғары - мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы 
алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, 
техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі үш қабаттан - шелден, өзеңнен, 
қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, 
қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары 
алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан 
құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент 
жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық 
пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу 
машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. 
Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. 
Шикізат талқымен жұмсартылады. 
Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін 
былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу 
түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған 
былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп 
кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң 
беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқкиімдік 
былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және 
галантереялық былғары, техникалық былғары. Аяқкиімдік былғары қасаң және 
жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал 
табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң 
былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салмағы 23-26 кг-
дан кем болмайды. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. 
бұйымдар, сондай-ақ, айыл-тұрмандар жасалады. Сырт киімдік және 
гапантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңдығы 0,5-1,2 мм-ден 
аспайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет