I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет152/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

4. Тарыны екінші рет түю себебі 
A) 
жасып қалғандықтан 
B) дұрыс тазармағандықтан 
C) сарғыш тартқандықтан 
D) жақсы піспегендіктен 
E) қауызынан айырылмағандықтан 
6.19-мәтін 
Халқымыз табиғаттағы аңдардың баласын жалпы күшік десе, құстардың баласын 
балапан деген жалпы атпен атады. Алайда табиғатпен етене өскен ата- 
бабаларымыз аң-құс балаларын жеке-дара атауға, олардың әр кезеңдегі мінез- 
құлқын дөп басып, әрқайсысына жеке атау беруде алдына жан салмаған. Мысалы, 
мысық пен түлкі балаларының атауына көз салайық. Мысықтың баласын соқыр, 
мәулен және безек деп атайды. Алғаш туған кездегі көзі ашылмай жатқан мысық 
баласының соқыр, бұйығып жата беретін шағында мәулен және ойынға тоймай, 
бөлмені кезіп, кім-көрінгенге ұрынып жүретін есейген кезінде оның безек аталуы 
қандай ұнамды! Әлі толық қалыптаса қоймай, бойы да, тұрқы да қораш көрінетін 
кезеңде түлкі күшігі мыршық деп, жетілгенмен еркін ойнақтай алмайтын кезеңі 
жәутік аталуы, ал аяғы сидаланып, денесі пошымданған кезде ін ішіне еніп алып, 
154


өзіңді мазақтағандай қылық көрсететін, көзі жаутаң-жаутаң ететін шағы жаутаң 
атануына үйлесіп-ақ тұр. 
Өз-өзіне әлі келе қоймаған шағында інінен шықпайтын сілеусін күшігі інсін 
аталады. Жас кезінде денесін теңбіл басатындықтан, арыстанның күшігі теңбілше 
делінсе, қорбаңдап жүретін аю күшігінің қонжық аталуы бекер болмаса керек. 
Жолбарыс күшігінің шөнжік, сарымақ аталуының да жөні бар. Борсық баласы - 
әзборақ, барыстың күшігі - алан, қасқырдың күшігі - бөлтірік, ал марал мен 
бұғының төлі қоды, арқардың төлі - қозыға, есек төлі - қодық аталғаны жұртқа 
мәлім. 
Аққудың балапаны - көгілдір, тауықтың балапаны - шөже аталған. Бұдан басқа да 
бізге беймәлім атаулардың болуы ғажап емес. Сондықтан халқымыздың 
қазынасына бас-көз болып, тіліміздің байлығын арттыру — парызымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет