1. Мәтін мазмұнынан тыс ақпарат
A)
Батыр сауыт-сайманын Исатайға береді.
B) Батырдың үш ұлы да әке жолын қуады.
C) Исатай - Тайманның төртінші баласы болады.
D) Саржан батыр Исатайға батасын береді.
E) Саржан батыр баланың бойынаи ерекше қасиет байқайды.
2. Бала Исатайдың бойындағы қасиет
A)
еркелік
B) алғырлық
C) шешендік
D) өжеттік
E) ақылдылық
3. Саржала батырдың өмірлік мақсат-мүддесі
A)
Елін жаудан қорғау
B) Бітімгерлік саясатын ұстану
C) Жас батырларға рух беру
D) Ұлдарын ер етіп тәрбиелеу
E) Соғыс тәсілдерін үйрету
4. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз
1. Саржала батыр
2. Күтпеген кездесу
3. Батырдың мақсаты
4. Саржаланың аманаты
5. Батырлар Тайман үйінде
149
A)
1.3.5.4.2
B) 1.5.3.4.2
C) 1.2.5.4.3
D) 1.3.2.5.4
E) 1.3.2.4.5
5. Батырды мазалаған ой
A)
жастық шақтың қайта оралып келмейтіндігі
B) мақсат-мүддесін жалғастырар өзіне теңдес ұлдың болмауы
C) жас кезін үнемі ат үстінде, жорықта өткізуі
D) жарлы-жақыбайға шарапатының тимеуі
E) сол кездегі халықтың қиын жағдайы
6. Мәтіндегі бала Исатай бейнесіне сай мақал
A)
Айласыз батыр алдырар
B) Ердің екі сөйлегені - өлгені
C) Көз - қорқақ, қол – батыр
D) Ер жолдасы - тәуекел
E) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі
6.15-мәтін
Бәсекелестік ұғымы қанша ғасырдан бері қолданылып келеді, кім білсін. Бір
анығы-тіршілік бар жерде бәсекелестік бар екендігі. Жер бетіндегі кез келген
тіршілік иесі бір-бірімен бәсекелесе, қарама-қарсылықтың бірлігімен күн көріп
келеді. Өсімдіктер де, жануарлар да солай. Олай болса, күллі тіршіліктің
ардақтысы саналатын адамдар арасында бәсекелестіктің орнауы мен дамуы -
табиғи дүние. Бір сәт ой жүгіртіңізші, егер адамдар арасында бәсекелестік
болмаса, қоғам қалай дамиды? Ұлт пен ұлттың, ел мен елдің арасында
бәсекелестік болмаса, адамзат қалай өркендейді?
Бәсекелестік - адам баласының ең түпкі мақсаты мен міндетінің орындалуындағы
қозғаушы күш. Адам баласының түпкі мақсаты - дүниені және өзін тану. Түпкі
міндеті - өзі және басқалар үшін игі іс жасау. Ал бұларға жету үшін ізденіс, еңбек,
жасампаздық және нәтиже керек. Осылар үшін бәсеке қажет. Бәсекенің қарсыласы
- күншілдік. Себебі күншілдік адам баласының түпкі мақсаты мен міндетіне қарсы
жұмыс жасайтын рухани күй.
Бәсекелестік адамзат өмірінің әр сатысында, әр саласында кездеседі. Бәсекелестік
орта жоқ жер мүлде болмайды. Сондықтан бәсекелестікке кесіп- пішіп,
бәсекелестік мынау деп анықтама беру қиын. Әркім өз мамандығы мен қызметі,
тұрмысы мен білімі тұрғысынан түрлі анықтама беруі мүмкін. Алайда жалпыға
ортақ бір сипаты - әріптестерінен қорғану, үзеңгілес жүру және басып озу. Осы үш
түрлі сипат бәсекелестіктің қай саласында да өміршендігін жоғалтпайтын
құндылықтар болып қалуы мүмкін.
Бәсекелестік - заманға, мекенге сай өзгеріп, дамып отыратын адамдық өмірге тән,
табиғи және мәңгілік тоқтаусыз үрдіс. Ол қарапайымдылықтан күрделілікке,
жекеліктен ортақтыққа қарай түрлі дәрежеге бөлінеді. Адамдар арасындағы білім,
қызмет, табыс және басқа да жақтардағы әріптестік - бұлар бәсекелестіктің ең
төменгі сатысы, одан жоғары отбасылар арасындағы, ұлт пен ұлыс арасындағы,
аймақ пен аймақ арасындағы, ең үлкені мемлекет пен мемлекет арасындағы
бәсекелестік болып, керегесін кеңге сала береді. Мемлекеттің әріптесгерінен
қорғану, үзеңгілес жүру және басып озу сипатын бәсекелестік қабілет деп
бағамдасақ, артық айтпаймыз. Дүниежүзі елдерінің бәсекелестік қуатын
саралайтын Бүкіләлемдік экономикалық форум, Дүниежүзілік банк және
Халықаралық менеджмент, даму институты тарапынан ұсынылған әлем елдерінің
бәсекелестік қуатының өлшемдері бар.
150
|