I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


 Мәтіннің екінші азатжолында айтылған ой



Pdf көрінісі
бет143/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Мәтіннің екінші азатжолында айтылған ой 
A) 
Гүлдеу мерзімдері туралы 
B) Қызғалдақ Отаны туралы 
C) Алманың таралуы туралы 
D) Регель қызғалдақтары туралы 
E) Қызғалдақтың түрлері туралы 
2. Мәтін мазмұныны бойынша ой реттілігі 
1. Регель қызғалдақтары 
2. Қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері 
3. Ғылыми дәлелдеме 
4. Сиверс алмасының Отаны 
A) 
3,4,1,2 
B) 4,2,3,1 
C) 3,4,2,1 
D) 1,2,3,4 
E) 4,3,2,1 
3. Мәтіннің төртінші азатжолына сәйкес келетін тұжырым 
1. Қызғалдақ - көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. 
2. Ерекше гулдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап алды. 
3. Еліміздің оңтүстігіндегі ең сем қалалардың бірі «Алматы» деп аталды. 
A) 
1,2 
B) 1,3 
C) 2 
D) 2,3 
E) 1 
4. Сиверс алмасына қатысты ақпарат 
A) 
гүлдеу мерзімі әртүрлі 
B) 35 түрі біздің елде өседі 
C) жемістің арғы атасы 
D) 3 мыңнан астам түрі бар 
E) көгалдандыру өсімдігі 
6.11-мәтін 
Ұлар құс 
Ұлар-биік таулардың шың-құздарында кездесетін, жыл он екі ай қоныс 
аудармайтын отырықшы құс. «Басынан биік шыңның ұлар қудым», «Басында биік 
шыңның ұлары бар» деген өлең жолдары ұлар құстың биік таулардың шың-
құздарында кездесетінін аңғартады. 
Дүниежүзінде ұлардың 5 түрі таралған. Олар өздері мекен ететін биік таулардың 
атауларымен, мысалы, Кавказ, Гималай, Алтай, Тибет, Каспий ұлары деп аталады. 
145


Қазақстан аумағында Алтай және Гималай ұлары деп аталатын 2 түрі кездеседі. 
Ұлар 10-15-тен топ құрып тіршілік етеді. Ұлар ұясын жерден шағын ойыс жасап, 
соған жұмыртқалайды. Әр ұяда 7-16 (көбіне 6-9) жұмыртқадан болады. Ғылыми 
деректер бойынша, ұлардың ұясына осы күнге дейін ғалымдардың нақты 
көргендігі туралы деректер жоқ. 
Жұмыртқаларын мекиендері 25-28 күндей басып, балапан өрбітеді. Балапандарына 
да қамқорлықты мекиендері жасайды. Қауіп төнгенде ысқырғандай үн шығарып 
«шулайды». Ұлар шулау арқылы бір-біріне қауіптің төнгендігін білдіреді. 
Сондықтан да қазақ халқында «ұлардай шулама» деген тыйым сөз бар. 
Ұлар ұшар кезде таудан төмен еңіске қарай тастармен сырғанап, аспанға қалықтап 
көтеріледі. Ұлардың осылай ұшу әрекетін байқаған халқымыз «сырғанап ұшқан 
ұлардай» деген теңеу сөзді қолданады. Ұлар тау бөктерлерімен қорегін іздеп, 
жайылған кезде төменнен жоғары қарай жүреді, кейде өте жылдам жүгіреді. Олар 
көбіне өсімдіктердің тамырларымен, тамырсабақтарымен және пиязшықтарымен 
қоректенеді, кейде ұсақ жәндіктерді де қорегіне пайдаланады. 
Халқымызда ұлар құсқа байланысты аңыздар көп. Халқымыздың перзенттеріне 
Ұларбек, Ұларгүл деп ат қоюы да Ұлар құсқа деген сүйіспеншілігін білдіреді. Ел 
арасында кеңінен таралып, ауызекі тілімізде теңеу сөз ретінде жиі айтылатын 
«Ұлы тауға шықтың ба, Ұлар етін жедің бе?» деген сөз тіркестерінің мәні 
халқымыздың төл тарихымен тамырласып жатқандығын дәйекті тарихи дәлелдеме 
деп толық сеніммен айтуға болады. 
Алтай ұларының құрсақ тұсының қауырсындары ақшыл түсті болады. Соңдықтан 
Алтай ұларын аққұрсақты ұлар деп те атайды. Ол Қазақстанның Оңтүстік Алтай 
тауында таралған, бірақ саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына 
2010 жылы тіркелген. Алтай ұлары қазіргі кезде Жетісу Алатауы, Сауыр, 
Тарбағатай және Оңтүстік Алтай тау тізбектерінде кездеседі. Бірақ саны барлық 
жерде өте аз. 
Гималай ұларының арқа тұсындағы қауырсындары қоңырқай сұр түсті болып, 
ондағы ұсақ теңбілді дақтары айқын байқалады. Оның құрсақ тұсындағы 
қауырсындарының түсі қоңырқай сұр болғандықтан, оны кейде «қоңырқай 
құрсақты ұлар» деп те атайды. Оның жалпы сыртқы тұрпаты Алтай ұларына ұқсас 
болып келеді. Ұлар биік шың-құздардағы дәрілік өсімдіктердің тамырымен, 
тұқымымен, жемісімен қоректенеді. Сондықтан да оның етінің 
шипалық қасиеті мол. Ұлардың көбіне тұзды жерлерді жайлайтынын білген 
бабаларымыз ұлар жүретін орындарға тұз шашып, тұзақ құрып аулаған. Бірақ 
ұларды бей-берекет атуға болмайтынын да ескерткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет