Мысалы, өз келінімді босанған соң, екі немеремді де қырық күннен асырып
күттім. «... Қозғалма, сенің жұмыс істейтін кезің алда. Қазір мен саған қызмет
етейін, балам, есесіне, сенің денің сау болады.
Сенің денің сау болса, немерем де
аман, менің де көңілім шат, біз де марқайып жүреміз.
Сондықтан сен мені дұрыс
түсінгін. Бірақ қазіргі міндет менікі. Бұл - менің ата-бабамнан қалған салт. Менің
әжем, менің анам істеген салт, мен соларды көргенмін.
Сондықтан мен осыны
істеуім керек», - дедім келініме. Бұл жерде мен алдымен немереме қамқорлық
жасап тұрмын ғой. Анасы арқылы өз немеремнің аман- есен өсуіне ықпал етіп
тұрмын.
4. Бұрынғы әжелер өмір есігін жаңа ашқан жас нәрестені құйрық маймен
ауыздандырған. Алғаш аузына алып татқан дәмі май болғандықтан да,
қазақ
баласының асқазаны ауырмаған екен. Кейде ер балаларды «қасқырдай қайсар
болсын» деген ниетпен қасқырдың қылымен ауыздандыратын болған. «Қара суға
қарап қалады» деген сеніммен еш уақытта сумен ауыздандырмаған. Біздің қазақ
ежелден-ақ өмірге келе салысымен нәрестені анасының бауырына салған. Баланы
өзгелер қанша кұтіп бақса да, ананың мейірімі мен ақ сүтіне ештеңе жетпейді.
5. Күнделікті өмірде «уызына жарымаған...» дегенді естіп жатамыз. Осы сөздің
астарында не жатыр? Нәресте бүкіл өміріне жететін иммунитетті екі күн еметұғын
уыздан алады. Қазақта «уызына жарымаған» дейтін сөз бар. Мысалы, уыз ембеген
жетім қозылар тез өліп қалады. Тіпті тірі қалған күнде басқа қозылармен
салыстырғанда,
шөкімдей болып, өспей қалады. Адам баласы да сондай. Біз
ананың екі-үш күн ғана болатын уызында тектік қасиет болатынын біле бермейміз.
Ал тектік қасиет дегеніміз - ұлттық қасиет. Мейіріммен берілген сүт баланың
бойына дәрумен болып, шипа болып сіңеді. Ата- бабаларымыздың уызға аса
қатты
мән бергенінің себебі - осы. Тіпті мұның астарында үлкен тәрбие жатыр, бұл
негізсіз емес. ...Кез келген жөн-жоралғы рухани күшке ие.
«Әжелер тәлімі - тәрбиенің қайнар көзі» Зейнеп Ахметова
Достарыңызбен бөлісу: