қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен
дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір
түрше сортғардан тұрады.
1. Масақтар аралығындағы гүлдердің саны
A)
2-8
B) 5-6
C) 4-6
D) 6-7
E) 3-5
2. Мәтін мазмұнына қатысты дұрыс ақпарат
1. Тұқымы - қуыс, жұмыр, беті тегіс дән.
2. Бидай масағының пішіні доп тәрізді.
3. Бидайдың тамыр жүйесі шашақты, тарамданған.
A)
екіншісі
B) біріншісі
C) үшеуі де бұрыс
D) үшеуі де дұрыс
E) үшіншісі
6.5-мәтін
1. Батырдың бірінші ең сенімді серігі астындағы аты болса, екіншісі - қару-
жарағы. Өйткені қару - қауіпті жағдай барысында жауға қарсы қолданылатын
құрал.
2. Қазақ этносының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі болатын жауынгерлік қару-
жарақтың даму тарихы ежелгі Сақ дәуірінен бастау алып, бірнеше ғасырларды
қамтиды. Қолбасшылар соғыс жүйесін ойластырғанда, қару түрлерінің
ерекшеліктерін ескере отырып, ол қаруларды мейлінше ұтымды пайдалануға
тырысқан.
3. Сонымен қатар, соғыс қаруы әскери лауазымдарды белгілеуде де, әртүрлі
символдық мағынада да қолданылған. Мысалы, қазақ хандарын ақ киізге
көтергенде олардың белдеріне қылыш байласа, Түрік қолбасылары дәреже ретінде
шоқпар ұстаған. Ал байрақ тағылған найза - көп халықтарда әскербасылық белгі.
Қару атадан балаға мұра болып қалып отырған. Ер жетіп, алғаш рет ел қорғауға
шыққан жас батыр әкесінің не атасының қаруын сандықтан алып, беліне тағынған.
4. Дана халқымыз қаруға ерекше құрметпен қараған. Қару-жараққа байланысты
наным-сенімдері де болған екен. Солардың бірнешеуін айтып көрелік:
-Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен;
-Ертеректе қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған;
-Батырдың қаруын ешқашан орынсыз һәм қадірсіз іске қолданбаған. Қарудың да
киесі бар деп ұққан;
-Батырларға арналған қарулар көздің жауын алатындай сәнді де қымбат болған.
Сол себепті де қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшілікке барғанда,
әртүрлі лауазым дәрежесін бергенде бағалы зат ретінде сыйға берген;
-Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі
тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап
батырдың үйде екенін білген;
-Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар
найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған;
-Батырлар өз қаруларын қасиетті санаған. Оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат
та қойған (мысалы, ақберен, наркескен, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: