I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет132/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Мәтін жоспарының реттілігі 
1. Әдептілікке тәрбие. 
2. Шолпы тағудың пайдасы. 
3. Шолпы - бұрымға тағатын әшекей. 
A) 
3,2,1 
B) 3,1,2 
C) 2,1,3 
D) 1,2,3 
E) 2,3,1 
 
134


2. Шолпы тағудағы негізгі мақсат 
A) 
шаштың сапасын жақсарту үшін 
B) қыздың жасын білу үшін 
C) бүрымын қысқарту үшін 
D) шаштың түсін сақтау үшін 
E) бұрым жинақы болып тұру үшін 
6.1-мәтін 
Ғаламтор 
Көптеген адамдар, әсіресе, ғаламтор қолданушылары, ғаламторды адамзаттың ең 
үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол ақпарат көзі болуымен қатар, 
адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға 
көмектеседі. Жан-жақты, білімді болуымызға, көптеген қызықты дүниелерді 
үйренуімізге ғаламтордың себебі мол. Оған қоса, ғаламтордың тағы бір 
артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, 
адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан, бір-бірімен араласуға, 
сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті ғаламтор арқылы әлемнің екі бұрышындағы 
адамдар достасып, махаббаттарын да тауып жатады. 
Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шет 
тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе 
аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып 
жатады. Бұлардан бөлек ғаламтормен байланысты түрлі мамандықтар да пайда 
болған. 
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. 
Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда, ең бірінші, қозғалатын тақырып - 
ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10 пайызының оған тәуелді 
екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су 
іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және 
Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. 
Ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының 
алдында ұзақ уақыт отыру көздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында 
дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратына зиян келеді. 
Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да ғаламтордың зиянды жағына 
қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз 
мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер 
жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. 
Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп, пайдасын көріп 
біліп, ал зиянынан сақтанайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет