Қағаз өндіру үшін әртүрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және
ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ)
жұмсалады. Сапасын арттыру үшін қағаз массасына қосымша
минералдық
үстемелер қосады: минералдық заттар қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен
тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын,
т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.)
қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын
арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда
бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б.
қолданылады.
Талшықты материалдарды ұнтақтау - қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі.
Ол үзіліспен не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған
талшыққа қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін
сумен сұйытылады да,
аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.
Қағаз өндірісі - әртүрлі 7-8 технологиялық операциядан тұратын үрдіс. Аз уақытты
алмайды. Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты, 26
мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанармай мен 4000 киловатт-
сағат электр энергиясын үнемдеуге болады екен.
Осының арқасында ауаны
ластайтын зиянды қалдықтар 70-ға пайыз төмендейді.
Қазіргі заманда технология жанданып, электрондық құжат айналымы
дамығанымен қағазға әлі де сұраныс та, қажеттілік те бар.
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Олар бірнеше топқа бөлінеді:
Баспалық қағаз - тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді,
баспа бояуы жақсы
жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз - бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия
сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы — толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан
жасалады.
Сіңіргіш қағаз - фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру
үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық
сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға
пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б.
пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс
қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: