2. Мәтін мазмұнына жақын мақал-мәтел
A)
Әркім жолдас болады амандықта.
B) Жаман әдет жақсы ат әпермейді.
C) Білімсіз бірді, білімді мыңды жығар.
D) Айтқызған - жамандықтың белгісі.
E) Ақылсыз адам менмен келер.
5.21-мәтін
1. Еуропа кәрі құрлығында жер көлемі жөнінен кішкентай мемлекеттер өте көп.
Алайда олардың ішіндегі жер көлемі шағын болғанымен, экономикасы мен
өндірісі арқылы әлемнің жетекші елдерінен қалыспай келе жатқан елдер
баршылық. Солардың бірі Монако.
2. Ресми атауы - Монако князьдігі. Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан
және әлемдегі ең кішкентай, халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттің бірі. Жер
аумағын небәрі 56 минуттың ішінде аралап шығуға болады.
3. Монако - Жерорта теңіз жағалауында орналасқан ең таңдаулы шипажай және
әлемдік туризм орталықтарының бірі. Кішкентай ғана Монаконың бүкіл тұрмыс-
тіршілігі туризм саласымен өте тығыз байланысты. Статистикалық мәліметтерге
сенсек, мемлекетке жылына үш миллионнан астам турист келеді екен. Яғни, жазғы
демалысыңызға құрған жоспарыңызға Монаконы енгізіп қойсаңыз, өкінбейсіз.
4. Альпінің тау сілемдеріндегі құздардың кертпештеріндегі ғимараттар теңіздің
ернеуіне дейін орналасқан, бір қарағанда биік виллалар суға батып бара жатқандай
көрінеді. Солай бола тұрғанымен, Монако бақшалар мен саябақтарға толы, ал
жағалау жиегі ойын-сауыққа арналған мекемелермен көмкерілген.
5. Князьдіктің астанасы - Монако-Вилль. Құздың басында орналасқан Астананы
«Ескі қала» деп атайды. Бұл жерде 1875 жылы жаңаромандық стильде салынған
Кафедралды шіркеу орналасқан. Сондай-ақ, Князьдік сарайды, Наполеон
мұражайын, Князьдік сарайдың тарихи мұражайын, Форт-Антуан ашық театрын,
Мартина көркемсурет бағын, Монаконың ескі мұражайын және жерасты
аквариумы бар мұхиттық мұражайды, сарайлық алаңды көре аласыз. Соңғы
аталған алаңда күн сайын гвардияшылардың маршы өтіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: