6.Көптеген дәрілік өсімдіктердің медицина тұрғысынан өз бағасын әлі
алмауының себебі
A.
Қауіпті болғандықтан
B.
Өңдеу жолы болмағандықтан
C.
Құрамы улы болғандықтан
D.
Қолданыста болмағандықтан
E.
Толық зерттелмегендіктен
3-мәтін
Жолбарыс
Патша ұғымына лайықты аң - жолбарыс. Олар туралы кызықты деректер
көптеп ксздеседі. «Жолбарыс» сөзі гректің «tigri» деген, түбірі «taig» сөзінен
туған, «өткір», «мықты», «жылдам» деген мағына береді.
Лигр — жолбарыс псн арыстанды будандастырып алынған жануар.
Атауы да «Ті§ег» («тигр») және «Liоn» («Лев»)
сөздерінің қосындысынан
шыққан. Жолбарыстар қараңғыда адамнан алты есе анық көреді. Ырылдау
арқылы өзге жолбарыстармен алыстан араласа алады. Ал,
басқа аңдарға
шабуыл жасар кезде ысылдап, айбат шегеді.
Жолбарыстың маңдайындағы жолақ сызығы қытайлар иероглифіндегі
«Патша» мағынасына сәйкес келеді. Бенгалиялық
жолбарыстың азу тісі - он
сантиметр. Жолбарыстар табиғатта еркіндікте де, тұтқында да (адам қолында)
25 жылға жуық өмір сүреді. Жер бстінде жабайы 3500 жолбарыс қана бар,
қалғаны қолда өсіріледі.
Мысық тұқымдас жануарлар ішінде
жолбарыстың басқалардан
айырмашылығы суды өте жақсы көреді. Суда жақсы жүзеді, өзенді түгел кешіп
өте алады. Жай ғана жан рахаты үшін суда жүзіп, ойнауды да ұнатады.
Әлемдегі ең үлкен тағы мысық - уссурий жолбарысы. Оның үзындығы 3,6
метр, салмағы 317 килограмға дейін жетеді.
Өлекшін (ұрғашы жолбарыс) 3 айға созылған жүктіліктен кейін, дүниеге
2-3 шөнжік (баласы) әкеледі. Шөнжіктер туғаннан кейін бір апта бойы су
қараңғы соқыр болады.
Жолбарыстар - жалғызбасты жануарлар.
Тек аналығы ғана шөнжіктері
жетіліп кеткенше жанында болады. Адамның саусақ ізі сияқты
жолбарыстардың дауысы да бір біріне мүлде ұқсамайды.
Достарыңызбен бөлісу: