I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Екінші бөлімнің бірінші бөлімге қатысы



Pdf көрінісі
бет22/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Екінші бөлімнің бірінші бөлімге қатысы 
A)Ойды шиеленістіреді. 
B)Ойды байланыстырады. 
C)Ойды дамытады. 
D)Ойды пайымдайды. 
E)Ойды қорытындылайды. 
2.Ең алғаш «Отырар сазының» қанша мүшесі болды? 
A)20 
B)60 
C)15 
D)25 
E)8 
3.«Отырар сазының» басты ерекшелігі 
A)Ежелгі ұлттық аспаптар бар. 
B)Нұрғисаның әндері жиі орындалады. 
C)Репертуарлары өте бай. 
D)Ән-күйлері мол. 
E)Атақ-даңқы дүние жүзіне танылды. 
4.Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазын» құрудағы мақсаты 
19


A)Жастар фестиваліне қатысу үшін. 
B)Қазақ халқының бар болмысын паш ету үшін. 
C)Халқының мақтанышына айналу үшін. 
D)Ленин комсомолының сыйлығын алу үшін. 
E)Атағын шығару үшін. 
2.9-мәтін 
Бүгінгі Астана – Қазақстанның жүрегі 
I.Қазақстанның астанасы – жас, қарқынды дамып келе жатқан, Елбасының қазіргі 
геосаяси және геоэкономикалық жағдайда мықты демократиялық мемлекет құру 
туралы идеясын жүзеге асырған қала. Бұл ерек, таңғажайып аурасы бар мекен 
және барша қазақстандықтардың мақтанышы деп айтсақ артық емес. 
II.Бүгінде бұл жерде 1994 жылы Президентіміз астананы көшіру жөніндегі тарихи 
шешім қабылдағанда бастау алған жасампаздық энергия шоғырланған. Жекелей 
алғанда, астананы көшіру – батыл ғана емес, бірінші кезекте стратегиялық қадам. 
Бүгінгі күні адамзат тарихында бұған ұқсас 25-тен астам оқиға бар. Алайда, жаңа 
Астананы басынан бастап жаңадан салу оқиғалары саусақпен санарлық. Әрине, 
бұл оңай әрі асығыс қабылданған шешім емес, көптеген аспектілерді, 
өзгешеліктерді ескеру қажет болды. Астананың артықшылығы: орталықта 
орналасуы, аумағының кеңдігі, негізгі экономикалық орталықтар мен көлік 
магистраліне жақындығы, жақсы экологиялық жағдайы. 
III.Шынында, бүгін мұрағаттағы провинциалды Ақмоланың сарғайған суреттерін 
қарап отырып, қазіргі сауда, ойын-сауық орталықтары мен көп қабатты зәулім 
үйлердің, кең әрі жарық даңғылдардың орнында аз ғана уақыт бұрын сүйектен 
өтетін солтүстік желі соғып тұрған саяжай үйлері болғанын елестету қиын. Қазір 
қаланың бейнесі түбегейлі өзгерді және бізді үнемі таң қалдырып келеді. Жаңа 
бейнемен қоса, оның ішкі рухани әлемінде де өзгерістер болды. Осында тұратын 
әрбір тұрғын осыны сезінетіні сөзсіз. 
IV.Мен 
үшін 
және 
тағдырын 
Астанамен 
байланыстырған 
көптеген 
қазақстандықтар үшін бұл жай ғана қала емес, бірінші кезекте – үздік 
урбанистикалық идеялар мен заманауи инновацияларды бойына жинаған 
таңғажайып астана. Бүгінгі күні Астананы көшіру уақытылы әрі қажетті қадам 
болғаны, экономикалық реформалармен қатар еркін мемлекетіміз дамуды іске 
асырудағы маңызды стратегиялық ресурс екені айқын болып отыр. 
V.Астана – тәуелсіз Қазақстанның дамуының көрінісі, жарқын, терең ойдың іске 
асуының символына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет