2.Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын
анықтайтын сынақ
A)«Адалдық» сынағы
B)«Керектілік сынағы»
C)Барлық үш сынақ
D)«Жақсылық сынағы»
E)«Шындық сынағы»
3.Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті
A)Әңгімесін айта алмады
B)Сократтың сынағынан сәтті өтті
C)Сократтан алғыс алды
D)Әңгімесін толық
айтып берді
E)Әңгімесін қызықты баяндады
4.Сократтың ақылының түйіні
A)Жаман әдеттен аулақ бол
B)Досыңды бағалай біл
C)Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме
D)Қолыңнан келсе жақсылық жаса
E)Тыңдай білу – әдептілік белгісі
2.7-мәтін
Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен
жауап беретін. Бірде ол әкесінен:
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан
ізінен артқы аяқтарының
басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып
түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған
екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан
кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, – деді.
Бала:
– Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады
әкесінен. Әкесі:
– Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда
болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді.
Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал
құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы
мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек,
Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей,
ала тайыншаның
туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде
қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане?
Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да.
Мен сенің менен озғаныңды
қалаймын, – деді әкесі.
Достарыңызбен бөлісу: