I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Баланы бөлегенде жөргек үстінен байлау үшін қажетті бесік құралы



Pdf көрінісі
бет26/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Баланы бөлегенде жөргек үстінен байлау үшін қажетті бесік құралы 
A)Көрпе 
B)Киім 
C)Бау 
D)Түбек 
E)Шүмек 
2.Мәтін мазмұны бойынша баланың қыс мезгіліндегі жамылғысы 
A)Түйе жүні салынып жібектен тігілген көрпе 
B)Астары шыттан тігілген жүн көрпе 
C)Мақта салынып шыттан тігілген көрпе 
D)Мақта матадан тігілген жөргек 
E)Мақта салынып сәтеннен тігілген көрпе 
3.Баланың бесік жөргегінің саны 
A)3 
B)4 
C)7 
D)1 
E)2 
4.Баланы шыт маталы жөргекпен құндақтаудың себебі 
A)Баланың кіндігіне суық тимеу үшін 
B)Бала тез өсуі және бойы ұзын болуы үшін 
C)Баланың денесі терлемес үшін 
D)Баланың денесіне күн тимеу үшін 
E)Баланы мойны тез беку үшін 
 
2.13-мәтін 
Махамбеттің әкесі ары таза, әділ әрі батыл жан еді. Ол өз балаларын балапанын 
баулыған қырандай тәрбиеледі. Аяған емес, мүсіркеген емес, қаршадай кездерінен-
ақ асау атқа мінгізіп, садақ тартуды, қылыш шабу мен найза ұстауды үйретті. 
Балалары батыл боп өсті. Ең үлкені Бекмұхамбеттің басқаларынан гөрі ақыл-
парасаты молдау еді. Ал кенжесі Мұса қой аузынан шөп алмайтын ұяң, ешкіммен 
жұғыса қоймайтын үндемес, бұйығы болатын. 
Он алты жасында Махамбет жез таңдай ақын атанды. Кез келген ауыл оны 
қошеметпен қарсы алатын болды. Әдетте көп мақтау айтпайтын, сөзге сараң 
ақсақалдар бұл дегенде сайрап қоя беретінді шығарды. Ауызға ілінген талай-талай 
танымал ақындарды оп-оңай жеңіп, айбынын асырды. Бүл келгенде старшындар 
да, батырлар да қол қусырып, есік ашатын болды. Оның даңқы бүкіл Кіші жүздің 
ауылдарын шарлап өтіп, Еділ бойындағы Ноғайлыға, Қаратауды жайлаған 
Шектіге, одан асып, қаптаған қалың Қыпшаққа, Арқадағы Арғын мен Найманға 
жетті. 
1.Халықтың Махамбетке деген құрметі қай сөйлемнен көрінеді? 
1)Әдетте көп мақтау айтпайтын, сөзге сараң ақсақалдар бұл дегенде сайрап қоя 
беретінді шығарды. 
2)Ауызға ілінген талай-талай танымал ақындарды оп-оңай жеңіп, айбынын 
асырды. 
3)Бұл келгенде старшындар да, батырлар да қол қусырып, есік ашатын болды. 
A)Бірінші мен үшінші сөйлемдерден 
B)Бірінші мен екінші сөйлемдерден 
C)Екінші мен үшінші сөйлемдерден 
D)Барлық сөйлемнен 
E)Үшеуінен де көрінбейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет