2.24-мәтін
Жаңбыр – табиғаттың ерекше сыйы.
Халқымыз жаңбыр жауса, «нұр жауып тур»
деп жақсы ырымға балаған. Өзге де елдерде жаңбырға қатысты не бір қызықты
мәліметтер бар. Мысалы, Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта түнде
ғана жауады. XVII ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданыпты.
Заң бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптик жазаланатын болған. Пара
қаласының тұрғындары уақытты жаңбырға қарап түзейді. Себебі
бұл жерде жауын
күнделікті бір уақытта жауатын көрінеді. Ботсванада адамдар «пула» деп
сәлемдеседі. Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар ел валютасы
да «жаңбыр» деп аталады. Уганда тұрғындарын найзағаймен қорқыту мүмкін
емес. Өйткені мұнда жылына 250 ретнайзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар
психологтар туған күніңізде жаңбыр жауса, оны жақсылыққа балаңыз дейді. Егер
сіз туған күні нөсер жауын жауса, онда қызметтік мансабыңыз алға басады. Ал
егер
жаңбыр сіркіреп тұрса, сол жылы қиыншылықтардың да аз болары хақ.
Көбіне теңін таппай жүрген жандардың туған күнінде біресе жауын жауып, біресе
күн шығып тұрады. Және сол жылы көптен күткен сыңарын тауып қалуы да әбден
мүмкін. Көбісі туған күнінде жаңбыр жауса, жабырқап жүреді. Ал
мамандар
керісінше бұған қуану керектігін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: