I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?



Pdf көрінісі
бет65/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді? 
A)Сабақты жақсы оқу керектігін 
B)Ұстазының әкесінен қорқатынын 
C)Әкесінің талап қойғыштығын 
D)Ұстазы білімді екендігін 
E)Ұстазды патша да сыйлайтынын 
2.Патша баласы қандай еді? 
A)Ашуланшақ 
B)Сыпайы 
C)Айлакер 
D)Шолжаң 
E)Ақылсыз 
3.Мәтіннің стилі қандай? 
A)Көркем әдебиет 
B)Ғылыми 
C)Ауызекі сөйлеу 
64


D)Ғылыми-көпшілік 
E)Ресми іс-қағаздар 
4.Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)Әке балаға сыншы 
B)Алып – анадан 
C)Бала – бауыр етің 
D)Білім – бұлақ 
E)Ата – баланың қорғаны 
5.Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді? 
A)Патша бұйрығын бәрінің орындау керектігін ұғындыру 
B)Балаға әкесін сыйлау керектігін түсіндіру 
C)Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұтатындығын дәлелдеу 
D)Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету 
E)Балаға барлық адамдарға тәртіп бірдей екендігін ұғындыру 
6.Патшаның құлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі 
A)Патша ұсынысы әділетсіз көрінді 
B)Патша ұсынысынан қорқып кетті 
C)Патша ұсынысы қатал көрінді 
D)Патша ұсынысын ақымақтық деп санады 
E)Патша ұсынысы оғаш көрінді 
3.25-мәтін 
1.Пілдер – ежелгі тұмсықтылар тобынан біздің заманымызға жеткен жалғыз 
жануар. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар: 
Саванналық африка нілдері, африкалық орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің 
дене тұрқы – 6-8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. 
Негізгі ерекшелігі – үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны 
адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және 
орап ұстайды. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Пілдердің 
көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп 
қояды. Оның тұмсығында 40 мыңнан астам рецептор бар. Пілдің кейбір 
тұстарындағы тері қалыңдығы – 4-5 сантиметр болады. 
2.Пілдер мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен 
айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез 
қозғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау қызметі жақсы дамыған. Басқа 
ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстыққа қарағанда салқын жерді жақсы көтереді. 
Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу 
алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, 
өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шаңда аунағанды ұнатады. Бұл әрекеттер 
терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан 
қорғайды. 
3.Пілдер – отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары 
әрқашан отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана 
бөлінуі мүмкін. Олар топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің 
аралығында болады. Ал аталық пілдер 12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп 
шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 
кг-ға жуық болады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан, анасының тұмсығына арқа 
сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан, анасы мен 
олардың тәжірибелі мүшелері оны үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші 
таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су 
ішіп, 300 кг шөп жей алады. Пілдер тәулігіне 3 сағат шамасында ғана ұйықтайды. 
Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 
сағатын осыған арнайды. 
65


4.Пілдер – Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашық өлкелерінде 
мекендейді. Азия пілдерінің мекендейтін аймағы: Оңтүстік және Солтүстік-шығыс 
Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Тайланд, Лаос, 
Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-батыс Қытай, Малайзия, Индонезия және Бруней 
аймақтары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет