БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
19
лыптасуына қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, «2.1.4.1 участвовать в диалоге,
высказывая свое мнение и выслушивая мнения других» оқу мақсатына жету
үшін диалогқа қатысты жабық және ашық сұрақтарды құрастырумен қоса, жүй-
елі және дәйекті құрылымдауды басымдылыққа алу қажет.
Сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашылықты дамыту келесі оқу мақсаттарын-
да көрсетілген:
4. Әде-
би сын
5.3.4.1
оқырман-
ның рухани
дүниесіне
шығарма
әсерін тал-
дай оты-
рып, сыни
хабарлама
жазу
6.3.4.1
шығармада
көтерілген
мәселенің
әлеуметтік
рөлі тура-
лы сыни
хабарлама
жасау
7.3.4.1
әдеби
шығарма
ның эсте-
тикалық
құндылығы
туралы
шағын
сыни шолу
жазу
8.3.4.1
шығарма
бойынша
жазылған
әдеби
сын-пікір-
лерге сүйе-
не отырып,
өзіндік
сыни
пікір
жазу
9.3.4.1
әдеби шығар-
маны қазақ
әдебиеті мен
әлем әдебиеті
үлгілері
мен салыстыра
талдап, шағын
сын мақала
жазу
Осы мақсаттарға жету үшін білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілет-
терін,
талдау және шешімдер қабылдау, өз бетінше ойлау, бейімделу, күр-
делі және стандартты емес жағдайларда тапсырмаларды оңтайлы орындауға
бағытталған оқытудың PBL, төңкерілген сынып, пікірсайыс, ойын технология-
лары және т.б. сияқты интерактивті әдістері мен технологияларын пайдалану
ұсынылады. Осы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда әдеби сын жазу шеберлігі-
не мән берген жөн. 5-сыныпта әдеби сынның көлемі 2-3 сөйлем болса, 9-сы-
ныпта шағын мақала жазуға дейін ұлғаяды. Осындай тапсырмаларды орындау
арқылы білім алушының көркем шығармаға қатысты өз ойын жеткізе білу, ой
қорыту дағдысы қалыптасады.
Білім алушылардың шығармашылық ойлауын пайымды, сыни, логикалық және
өнімді ойлауды дамыту арқылы жетілдіру ұсынылады:
1.
пайымды ойлау. Бұл білім алушылардың ортақ мəселе жөнінде пікіралма-
суына мүмкіндік бере отырып, шындықты дұрыс түсіндіре алуға үйрету үшін
қажет. Мысалы, 7-сыныпта берілген оқу мақсатында
Достарыңызбен бөлісу: