Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Кәсіби ақпараттандыру 
Кәсіптік ақпараттандыру кәсіптік бағдар беру мен білім беру процесінің маңыз-
ды құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіптік ақпараттандырудың келесі бағыт-
тарына назар аударуға болады: 
1. Еңбек нарығының жай-күйі: Жаңа мамандықтар атласының өңірлік ерек-
шеліктерін ескере отырып, бос жұмыс орындарын, біліктілікке қойылатын 
талаптарды, әртүрлі салалар мен кәсіптердің даму перспективаларын қоса 
алғанда, еңбек нарығының ағымдағы жай-күйі туралы деректерді ұсыну.
2. Кәсіптерге қойылатын талаптар: әртүрлі кәсіптерге қойылатын нақты талап-
тар туралы ақпарат.
3. Кәсіби өсу мүмкіндіктері: әртүрлі қызмет салаларында кәсіби және мансап-
тық даму мүмкіндіктерін қарастыру.
4. Кәсіпті игерудің нысандары мен шарттары: білім алудың және белгілі бір ма-
мандыққа дайындықтың әртүрлі тәсілдері туралы ақпарат, соның ішінде оқу 
орындары, оқу курстары.
5. Өндірістің заманауи түрлері: өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, қызмет-
тердің және басқа да қызмет салаларындағы жұмыстың заманауи технологи-
ялары мен әдістерімен танысу. 
Назар аударыңыз! 
«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың 
кәсіптік бағдарлануын анықтау және диагностика жүргізу жөніндегі әдістемелік 
ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым мини-
стрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 692 бұйрығы 
Кәсіби диагностика 
Білім алушылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі анықтауының психологиялық 
аспектілерін диагностикалауға, олардың кәсіби бағытын таңдауға мүмкіндік бе-
ретін әдістерді қолдану ұсынылады. 
Кәсіби кеңес беру 
Келесі бағыттар бойынша кәсіптік кеңес беру ұсынылады: 
• Мамандық таңдау. Білім алушының жеке психологиялық сипаттамалары мен 
мамандыққа қойылатын талаптарды ескеру.
• Кәсіби ұтқырлық. Кәсіби құзыреттерге қойылатын өзгермелі талаптарға сәй-
кес жеке-психологиялық қабілеттерін және кәсіптік даярлық деңгейін дамы-
ту.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
78
• Кәсіби өзін-өзі анықтау. Мамандық таңдауда, кәсіби дамуда және өзінің же-
ке-кәсіптік әлеуетін іске асыру мүмкіндігінде өзін анықтау.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері әзірлеген 
орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және 
жүргізу жөніндегі ұсынымдар: 
1. Білім беру ұйымдарында кәсіптік әлеуетті дамыту бойынша әдістемелік ұсы-
нымдар 
2. ҚР орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысының моделін 
құру әдіснамасын әзірлеу 
3. Педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған әдістемелік ұсынымдар
4. Орта білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша (әді-
стемелік кабинеттердің басшылары, мектеп директорларының орынбасар-
лары, сынып жетекшісі, пән педагогтері, педагог-психологтар үшін) әдісте-
мелік ұсынымдар 
5. Білім алушыларды үздіксіз кәсіптік бағдарлау жүйесін құру стратегиясы бой-
ынша әдістемелік ұсынымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет