Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Қолайлы мектеп климатын, педагогтердің мінез-құлқы мен қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет53/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Қолайлы мектеп климатын, педагогтердің мінез-құлқы мен қарым-қатынас 
мәдениетін қалыптастыру және олардың білім алушылардың мінез-құлқы-
на әсері
Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері оқу-тәрбие процесінде 
қолайлы мектеп климатын, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қалып-
тастыруда шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты ұсынылады:
1. Мектеп климатын құру және қолдау
‒ 
білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
‒ 
ынтымақтастық пен қолдау атмосферасын қалыптастыру;
‒ 
білім беру ұйымының оқу ортасын, оның ішінде сынып бөлмесінің ауа са-
пасын, температуралық режимін және жарықтандыруды жақсарту.
2. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін дамыту
‒ 
«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын қол-
дайтын ережелерді әзірлеу және енгізу;
‒ 
білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін этикалық нормаларды 
белгілеу;
‒ 
барлық білім алушылардың тұлғалық өсуіне ықпал ететін инклюзивті орта 
құру.
3. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қолдау
‒ 
педагогтер, білім алушылар және ата-аналар / немесе заңды өкілдер ара-
сында сыйластық қарым-қатынас орнату;
‒ 
білім алушылар арасында достық пен өзара сыйластық қарым-қатына-
старды дамытуға қолдау көрсету;
‒ 
ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту арқылы білім алушылардың 
әл-ауқатына жағдай жасау.
Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын 
ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілет-
тері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және 
кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және са-
налы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек 
беру («Білім туралы» Заңы). 
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы басшының тәрбие және бейіндік жұ-
мыс жөніндегі орынбасарының, педагог-кәсіптік бағдар берушінің, сынып же-
текшісінің, мектеп психологының, пән педагогтерінің, әлеуметтік педагогтердің 
басшылығымен «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 
жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
77
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет