Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Жалпы білім беретін мектептерде жайлы инклюзивті білім беру ортасын



Pdf көрінісі
бет56/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Жалпы білім беретін мектептерде жайлы инклюзивті білім беру ортасын 
ұйымдастыру 
Әлемдік білім беруде әрбір баланың сапалы білім алу құқығын тануға бағдар-
ланған оң үрдістер байқалуда. Бұл инклюзивті білім беру ортасын құру үшін оқу 
әдістерінің икемділігімен, оқу үлгерімін бағалау жүйесімен және теңдік, ортақта-
стық, ынтымақтастық құндылықтарына баса назар аударумен көрінеді. 
Мұндайда жайлы инклюзивті білім беру ортасы – білім беру ұйымының ішкі 
кеңістігі ғана емес, білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажет-
тіліктерінің әртүрлілігін ескеретін жағдайлар жүйесі. 
Назар аударыңыз! 
Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік 
қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнайы жағдайлар жасамағаны үшін 
жауапты болады. «Білім туралы» ҚР Заңы, 45-бап 
Мектепте білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кедергісіз 
кеңістік құру қажет. Осы міндетті шешуде арнайы білім беру ұйымдарына ар-
налған жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын сақтау, сон-
дай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін бала-
лар үшін арнайы жағдайлар жасау ұсынылады. 
Назар аударыңыз! 
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұй-
ымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту тура-
лы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтар-
дағы № 70
[5 
Инклюзивті білім беру 


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
81
Мектепте психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру 
Мектептің 
психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
қызметінің 
жұмы-
сы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту тура-
лы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
12 қаңтардағы № 4 бұйрығымен және «Мектепке дейінгі, орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымда-
рында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен, «Орта білім беру ұйымдарындағы психо-
логиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 377 бұйрығымен және инклюзивті білім беру саласындағы басқа да норма-
тивтік құқықтық актілермен реттеледі. 
Білім беру ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұй-
ымдастыру туралы ережені шығарып, ережені бекітеді, мамандардың құрамы 
мен лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың пәнаралық негізде кәсіби өсуіне 
жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет