Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Назар аударыңыз! 
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған жеке оқу бағдарламаларын 
құру бойынша әдістемелік ұсынымдармен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://
uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=22


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
83
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ағымдағы бағалау 
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін 
білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қо-
рытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 
бұйрығының 4-тармағына сәйкес «ерекше білім беруді қажет ететін адамдар-
дың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау 
психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бой-
ынша өткізіледі». 
№4 бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағида-
ларына әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес «зияты зақымдалған білім алушыларға 
арналған жеке оқу бағдарламалары негізгі оқу пәндері бойынша құрылады. 
Жетістіктерді балдық бағалау пайдаланылмайтын оқу пәндері бойынша оқыту 
жалпы білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады».
№125 бұйрықтың 15-тармағына сәйкес «ерекше білім беруді қажет ететін білім 
алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырма-
ларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала оты-
рып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау өлшем-
шарттарына өзгерістер енгізеді». 
Назар аударыңыз! 
Инклюзия жағдайында бастауыш және негізгі мектептің оқу пәндері бойынша 
БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсы-
нымдармен Академия сайтынан келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://
uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет