Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Назар аударыңыз! 
ББЖМ-2023 нәтижелері бойынша аналитикалық есеппен Академия сайтында та-
нысуға болады https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
96
2024-2025 жылдары республика мектептерінде кезекті ББЖМ циклі жоспар-
лануда. 
PISA 
Оқытушылар оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін PISA-2022 ауқымды халықаралық 
зерттеу нәтижелерін талдауға ерекше назар аударуы қажет.
Қазақстандық 15-жастағы білім алушылар ЭЫДҰ бойынша сауаттылықтың бар-
лық үш бағыты бойынша орташа көрсеткіштен төмен балл жинады. Бұл ретте 
олар жаратылыстану сауаттылығы бойынша айқын жетістіктерді көрсете алды 
(+26 балл). Математикалық (425 балл) және оқу (386) сауаттылық бойынша елдің 
ұстанымдары өткен зерттеу циклінің деңгейінде сақталды.
Математикалық сауаттылық бойынша білім алушыларға күрделі жағдайларды 
математикалық модельдеу, сондай-ақ проблемаларды шешудің қолайлы стра-
тегияларын таңдау, салыстыру және бағалау қиынға соғады.
Оқу сауаттылығы бойынша қазақстандық білім алушылар мынадай қиындықтар-
ды көрсетеді: ұзақ мәтіндерді түсіну, абстрактілі немесе қарама-қайшы тұжы-
рымдамалармен жұмыс істеу және жасырын анықтамаларға негізделген фак-
тілер мен пікірлер арасындағы айырмашылықтарды белгілеу.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA-2022 қазақстандық қаты-
сушыларының ең аз бөлігі ғана жаратылыстану ғылымдары бойынша өз білім-
дерін әртүрлі, соның ішінде бейтаныс жағдайларда шығармашылықпен және 
дербес қолдана алады. 
Назар аударыңыз! 
PISA-2022 нәтижелері келесі сілтемеде https://doi.org/10.1787/53f23881-en.
Пән педагогтеріне ББЖМ және PISA нәтижелерін ескеріп, оқу бағдарламасының 
аталған тақырыптарын / бөлімдерін зерттеуге назар аудару ұсынылады. Бұл рет-
те білім алушылардың кесте бойынша оқу сабақтарына кері әсерін келтіретін, 
ББЖМ және PISA тест тапсырмаларын «құрғақ жаттауға» әдеттендіруден аулақ 
болу маңызды.Оның орнына білім алушылардың пәндік және мета-пәндік құзы-
реттіліктерін дамыту үшін оқу процесіне күрделі тақырыптарды үйлесімді түрде 
енгізген жөн.
Сонымен, оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарына / бөлімдеріне назар ау-
дару қажет. Бұл оларға назар аударуды қажет ететін салаларды анықтауға және 
тиісті оқыту әдістері мен стратегияларын жасауға көмектеседі. 
Мысалы, тіл және әдебиет педагогтері сабақтарда сандық мәтіндердің көрінісін 
арттыра алады, олармен жұмыс істеу кезінде талдау, салыстыру, түсіндіру, тұжы-
рымдау, мәтін мазмұнының дұрыстығын немесе толықтығын бағалау және т. б. 


ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
97
дағдылар қажет.
Математика, алгебра және геометрия педагогтері кеңістіктік және сыни ойлау, 
тәжірибеге бағытталған мәселелерді шешу, диаграммалар мен графиктер түрін-
дегі есептерді модельдеу және т. б. сияқты дағдыларды бағалайтын тапсырма-
ларды әзірлеуге ерекше назар аудара алады.
Жаратылыстану пәндерінің педагогтері оқу процесінде жаратылыстану 
ғылымдарын зерттеудің нақты әлеммен байланысын күшейткен жөн. Мысалы, 
олар қоршаған ортаны сақтау үшін жүйелік ойлауды қолдану, ғылыми дерек-
терді сыни тұрғыдан түсіндіру, топтық немесе жеке зерттеу жобаларын ұйымда-
стыру мысалдарын келтіре алады.
Жалпы, пән педагогтері ББЖМ, PISA және басқа да халықаралық салыстырма-
лы зерттеулердің (TIMSS, PIRLS) үлгілерін оларды бейімдеу немесе білім алушы-
лардың білім беру мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз тапсы-
рмаларын жасау үшін пайдалана алады. Сондай-ақ оқытудың интерактивтілігін 
қамтамасыз ету үшін сабақтарда әртүрлі технологияларды (Интернет, презента-
циялар, бейнероликтер және т.б.) және ақпарат көздерін (ғылыми мақалалар, 
статистикалық деректер, инфографика және т. б.) біріктіру маңызды.
Қолданылатын әдістер мен стратегиялардың үлкен тиімділігіне қол жеткізу үшін 
педагогтерге мектеп, аудан/қала және облыс деңгейінде әріптестерімен өзара 
іс-қимыл жасау ұсынылады.
Технологияның дамуына және әлемнің білім беру жүйелеріндегі басқа жағдай-
ларға байланысты сауаттылықтың әртүрлі түрлерінің білімі мен дағдыларының 
өлшенетін аспектілері үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан мектептер PISA-2025 
шеңберін зерттеуге ерекше назар аударуы керек. Сонымен, 2025 жылғы зертте-
уде шет тілдерін бағалауға және цифрлық құралдар мен тәжірибелерді пайда-
лана отырып проблемаларды шешу дағдыларына қосымша назар аудара оты-
рып, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағалаудың басым саласы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет