БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ
107
15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандарты-
ның педагог біліктілік санаттары бойынша құрылымдалған Құзіреттілік крите-
рийлеріне сәйкес және ұйымдардың ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді.
Аттестатталатын педагогке кемінде бес бақылау парағы толтырылуы керек. Пе-
дагогтердің барлық санаттары үшін бақылау парақтарының саны бірдей болуы
тиіс.
Тиісті жылдың бұйрығына сәйкес аттестациядан өтуші педаготердің сабақтарын
әкімшілік мүшелері, білім беру ұйымдарының, аудандық/қалалық білім бөлім-
дерінің әдістемелік кабинеттері (орталықтары) әдіскерлері және педагог-са-
рапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог-шеберлер және аттестаттау комисси-
ясы мүшелері бақылап және бағалай алады.
Бағалау критерийлері 4 блоктан тұрады, олар көрсеткіштер мен дескриптор-
ларға бөлінеді:
1. Жоспарлау: сабақтың оқу мақсаттары; оқыту (тәрбиелеу) әдістері мен ресурста-
ры; бағалау әдістері мен құралдары;
2. Оқыту: функционалдық сауаттылықты дамытуды ескере отырып, сабақ мате-
риалын беру; цифрлық ресурстарды пайдалану; оқыту әдістерін, тапсырмала-
рын, ресурстарын, саралау тәсілдері; сабақ құрылымы, уақытты тиімді пайдала-
ну; білім алушылар (тәрбиеленушілер) арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дамыту;
3. Бағалау: тапсырмаларды бағалау әдістері мен құралдарын қолдану;
4. Рефлексия: сабақ бойынша рефлексия.
Бағалау әдістері мен құралдарын таңдауда педагог-зерттеушілер мен педа-
гог-шеберлер үшін міндетті критерийлер бар:
тапсырмаларды бағалаудың әдістері мен құралдарын қолдану
1) практикалық зерттеу нәтижелерін ескере отырып (педагог-зерттеуші)
2) авторлық бағдарлама негізінде (педагог-шебер) жоспарланған.
Достарыңызбен бөлісу: