Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Білім сапасын арттыру тұрғысынан білім беру ұйымының қызметі



Pdf көрінісі
бет77/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Білім сапасын арттыру тұрғысынан білім беру ұйымының қызметі. 
Кез келген білім беру ұйымы үшін ең маңызды құжаттар – мектептің даму бағдар-
ламасы және мектепішілік бақылау жоспары. Осы екі құжатты сапалы әзірлеу 
білім беру ұйымының жоспарлы дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан өзекті.
Мектепті дамыту бағдарламасы алдағы бірнеше жылға білім беру ұйымдарын 
дамыту стратегиясы мен негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Даму 
бағдарламасы білім беру ұйымдарының ағымдағы қызметінің жай-күйін тал-
дау, негізгі проблемаларды және олардың себептерін талдау, сондай-ақ барлық 
мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен пікірлері ескере отырып әзірленеді. 
Мектепті дамыту бағдарламасы «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының 
құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республи-
касы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 273 бұйрығына сәйкес 
әзірленеді және бекітіледі.
Мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеу ішкі ресурстар мен сыртқы фактор-
ларды ескере отырып, оның ағымдағы жағдайын жан-жақты талдауға негізде-
луі керек. Негізгі міндет нақты, өлшенетін стратегиялық мақсаттарды және орта 
мерзімді перспективаға арналған дамудың басым міндеттерін айқындау. Оларға 
қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары мерзімдерді, 
жауапты орындаушыларды және күтілетін нәтижелерді көздеуге тиіс. Жоспар-
ды тиімді мониторингтеу және уақытылы түзету тетіктерін қарастыру маңызды. 
Даму бағдарламасын әзірлеу және іске асыру процесіне барлық мүдделі тарап-
тарды – педагогикалық ұжымды, білім алушылар мен олардың ата - аналарын 
тарту табыстың негізгі факторы.
Бағдарламаны әзірлеу үшін білім беру ұйымының басшылығымен жұмыс тобын 
құрылады. Жұмыс тобының құрамына: білім беру ұйымының бірінші басшысы, 
оның орынбасарлары, сондай-ақ педагогикалық құрамының өкілдері қосыла-
ды. Бағдарламаны педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім беру ұйы-
мының басшысы бекітеді және білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен 
келісіледі.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет