Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
108
Үш өлшемді әдістемелік жүйенің технологиясын енгізу жобасы
«Ұлытау облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға ар-
налған жол картасының» 17-тармағын орындау мақсатында «Ұстаз-Ұлытау» қоры
қала білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында Сәтбаев қаласын-
дағы мектептердің тәжірибесіне «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің
технологиясын» енгізу жобасын іске асыруда.
Бұл технологияны енгізумен
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараев
жетекшілік ететін
әдіскер-ғалымдардан құралған жұмыс тобы айналысуда.
Тақырыптық деңгейлік дамыту тапсырмаларын (үш өлшемді мазмұн) әзірлеу
ҮӨӘЖ-ны практикаға енгізудің негізгі шарты болып табылады. Үш
өлшемді
мазмұн білім алушылардың оқу жетістіктерін күнделікті қалыптастырушы баға-
лауда критериалды бағалау жүйесі тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал
етеді. Тақырыптық деңгейлік тапсырмаларды құрастырудың негізгі тәсілі – ал-
дыңғы қатарлы елдердің педагогикасында жиі кездесетін «кері дизайн»
әдісі
арқылы мазмұнды таңдау талаптарына сәйкес келетін Б.Блумның мақсаттар так-
сономиясы негізінде әрбір деңгейді сипаттау.
ҮӨӘЖ-ның тағы бір ерекшелігі – оқу процесіне критериалды бағалау жүйесін
ғана емес, сонымен қатар табысқа жетуге ынталандыратын «қосу әдісін» пайда-
лана отырып, білім алушылардың жетістіктерін бағалау тәсілін енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: