5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»


Залалсыздандырудың физикалық әдістері



Pdf көрінісі
бет9/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 
Залалсыздандырудың физикалық әдістері 
Физикалық әдістерді термиялық жолмен іске асырады – күйдіру және 
қайнату, бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавта), ыстық ауамен, 
(құрғақ ауамен), сәулелі залалсздандыру.
Күйдіру және қайнату.
Күйдіру (фламбирлеу) жедел, шұғыл жағдайларда, шаруашылықтарда 
басқа әдістерді жүргізуге мүмкіншілік болмаған жағдайда метал 
инструменттерді арнайы шұңғыл ыдыстарға салып, үстіне спирт құйып 
өртейді немесе оттың жалынында күйдіру арқылы залалсыздандыруға 
болады. Құрал-саймандарды арнайы қарапайым немесе электірлік 
стерилизаторларда қайнатады. Құрал-саймадарды торға жайып салады, 
егерде ұсақ инструменттер, хирургиялық инелер болса, оларды дәкеге орап 
салып, дистилденген суға (оның ішіне 2% натрий гидрокарбонатын, лизол, 
фенолды да қосуы мүмкін) батырып қояды.
Қалыпты жағдайда, 100°C температурада 30 минут қайнатады. Сосын 
инструменттері бар торды алып, кептіріп 2-3 қабатты дәкеге немесе орамалға 
және клеенкаға орап, стерилизаторларда сақтайды және тасымалдайды.
Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау). 
Бұл әдісте залалсыздандыруды ыстық бу арқылы іске асырады.
Автоклавта (бу қысымымен залалсыздандыратын аспап) қысымды 
жоғарылатып, суды ысыту мүмкіндігі туады. Бұл қайнату нүктесін 
жоғарылатып, оған сәйкес будың температурасын 132,9ºC –қа дейін көтереді 


12 
(2 атм. қысымда). Қысымды 1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге 
болады. Хирургилық құрал – саймандар, таңғыш заттар, жапқыштар және т.б. 
материалдар металл қорап – Шиммельбуш бикстеріне салынады. 
Залалсыздандыру алдында бикстердің бүйірлеріндегі тесіктерлі ашады, ал 
бикстің қақпағын тығыз етіп жабады. Бикстерді салып болғаннан кейін, 
автоклавтың есігін қысып жауып, белгілі бір тәртәппен жұмыс істеуге 
керекті іс-әрекет жасайды. Автоклавтың жұмысы манометр және термометр 
көрсеткіштері көмегімен бақыланады.
Залалсыздандырудың 3 негізгі тәртібі бар: 
1,1 атмосферада (t-119,6ºC) – 1 сағат; 
1,5 атмосферада (t-126,8ºC) – 45 минут; 
2 атмосферада (t-132,9ºC) – 30 минут; 
Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, автоклавтың есігін шамалы 
ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін бикстердің ішіндегі заттарды кептіреді. 
Бикстерді автоклавтан алғаннан кейін, бүйірлеріндегі тесігін жауып, 
залалсыздандыру уақытын белгілеп қояды. Жабық бикс 72 сағат ішінде 
залалсыздығын сақтайды. 
Ыстық бумен және құрғақ ауамен залалсыздандыру

Залалсыздандырудың бұл әдіс арнайы Кох стерилизаторында іске 
асырылады. Торға керекті таңғыш материалдар арнайы мата қапшыққа 
немесе бикске салынып, ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйлады. Будың 
температурасы 100°C-қа жетеді, 30 минут қайнатады.
Залалсыздандыру арнайы құрғақ ауалы аспапта жасалады.
Құрал-саймандарды залалсыздандырғыш аспаптың сөрелеріне салып, 
алғашында 30 минут ішінде 85ºC температурада есігін шамалы ашып 
кептіреді. Залалсыздандыру үшін есікті жауып, 1 сағат 180°C температурада 
ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет